Тасымал
Тасымал. Сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынының келесі жолға бөлініп жазылуы тасымал деп аталады. Тасымал буыеға негізделеді. Мәселен: Ар-қалық. Арқа-лық.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар: 1. Бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды: а-на, и-не, Жақи-я.
2. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды: КСРО, ҚазМУ, БҰҰ, ЭКСПО.
3. Бір буыннан тұратын сөздерді тасымалдауға болмайды: жент, сия, бұлт, аю.
4. Адам атының қысқартылып алынған әріптерін фамилиясынан бөліп тасымалдауға болмайды: Қ. И. Сәтбаев, Б. Момышұлы, Д. А. Қонаев.
5. Қысқарған өлшем атаулары тіркескен сөзінен бөлінбейді: 15 км, 300 м, 32 га.
Пән: Қазақ тілі