×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қоспаларды бөлу - тұндыру, сүзу, қайта кристалдау, айдау

Создание интернет магазина

Заттарды қоспадан бөлу үшін бірнеше әдістер қолданылады - тұндыру әдісі, сүзу әдісі, қайта кристалдау әдісі және айдау әдісі.

Осы әдістермен жеке-жеке танысамыз.

Тұндыру әдісі

Құм мен ағаш үгінділерін қалай ажырата аламыз? Бұл үшін осы қоспаны суға құямыз. Ауыр құм су түбіне түседі, ал жеңіл ағаш үгінділері су бетінде қалқып қалады.

Су бетінен ағаш үгінділерін жинап тереміз де құмды су түбінен аламыз. Осы әдіс тұндыру әдісі деп аталады. Тұндыру әдісі заттардың тығыздықтары әртүрлі болатындығына негізделген. Ауыр заттар төмен қарай, ал жеңілдері жоғары қарай ұмтылатындығына негізделген.

Сүзу әдісі

Жаңа сауылған сүтте, кесек қалдықтар бар болуы мүмкін. Мысалы кесек шөп немесе сиырдың қылдары. Осы заттардан сүтті тазарту үшін, сүтті марлядан жасалған сүзгі арқылы өткізеді:

Сүзу әдісі

Нәтижесінде сүт тазарады, ал зиянды қалдықтар сүзгіде қалады. Бұны сүзу әдісі деп атайды.

Құмды пайдаланып, суды осы сүзу әдісімен тазартады:

Сүзу әдісімен суды тазарту

Сүзу әдісі арқылы бөлінген ерітіндіні сүзінді дейді.

Қайта кристалдану

Ас тұзы бар ерітіндіден тұзды бөлу үшін, суды қыздырады. Су буланады да, тұз түбінде қалады:

Кристалдау әдісі

Арал теңізінің жағалауында бұндай тұз көп мөлшерде кездеседі:

Арал тұзы

Бұл тұз теңіз суының құрамында еді. Кейін су буланып, тұз қайта кристалданып жерде қалды. Қазір осы тұзды жинап, тазартып пайдаланады.

Айдау әдісі

Суды қыздырып, буға айналдырып, одан кейін басқа жерде су буын суытып қайтадан буды суға айналдыруға болады:

Суды айдау. Айдау әдісі

Бұны айдау әдісі деп атайды. Бұл әдістің тағы бір аты - дистилдеу әдісі.

Бір затты буға айналдырып, кейін бұл буды басқа жерде суытып қайта жинап алу - айдау әдісінің негізі.

Мұнай құрамында бензин, керосин, салярка секілді тез бұланатын заттар бар. Осы заттарды бұландырады да, басқа жерде қайта сұйықтыққа айналдырады. Айдау әдісі осы жанармайларды алу үшін пайдаланады.

Пән: Химия

Комменттер

Тұз+су дың, темір үгіндісі+ағаш үгінділерінің, су+ас тұзының, ас тұзы+күкірттің бөлу әдістері қандай? Айтып, түсіндіріп беріңізші, қатты керек болып тұр

Aya Meirash

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Тұз бен суды айыру үшін қайта кристалдану әдісін пайдаланамыз. Суды қыздырамыз да су буға айналып буланып кетеді, тұз тұнба боп ыдыстың түбінде қалады.

Темір үгінділерін ағаш үгінділерінен ажырату үшін магнитті пайдаланамыз. Магнитке темір жабысып кетеді де ағаш үгінділерінен бөлінеді. Оған қоса ағаш пен темір үгінділерін суға салсақ та болады. Ауыр темір су түбіне кетеді, ал ағаш су бетінде қалқып қалады. Бұл тұндыру әдісі деп аталады.

Су мен ас тұзын бөлу үшін айдау әдісін (жоғарыдағы айдау әдісі көрсетілген суретке қара) де, қайта кристалдану әдісін де пайдалана аламыз.

Ас тұзы мен күкіртті бөлу үшін айдау әдісін қолдану керек. Себебі күкірт буланады да бұны арнайы ыдысқа жинай аламыз. Ал ас тұзы түбінде қалады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Ас тұзы мен балшықтан тұратын қоспаны бөлу ушін қандай әдіс қолдануға болады?

Tursyn Saya

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Бұған суды қосамыз да суда тұзды ерітеміз. Тұзды су мен балшықты сүзгі арқылы өткіземіз. Балшық сүзгіде қалады ал тұзды су сүзгіден өтіп кетеді. Кейін тұз бен суды ажырату үшін қайта кристалдау не айдау әдісін пайдалана аласыз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Тузбен агаш угиндилери

Калай боледи

 

 

Аят Даурбай

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Мысалы суға салсаныз тұз су түбіне түседі ал ағаш үгінділері су бетінде қалқып қалады. Бұл тұндыру əдісі. Кейін судан тұзды айыру үшін кристалдау əдісін, яғни суды қайнатып буға айналдыру керек. Тұз түбінде қалады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

бор мен темір жоңқа қоспасын бөлу əдісі ?

телевизор LG

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Магнитті пайдалана аласыз. Темір магнитке жабысады ал бор ыдыста қалып қояды.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Су + май қандай әдіспен бөлінеді?

Sova

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Тұндыру әдісімен, май судан жеңілдеу, соңдықтан су бетінде қалқып қалады. Бұны, кілегейді жинағандай жинап алуға болады. Ал су ыдыста қалып қояды.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Су мен бор'ды қалай бөлуге болады?

 

Аида Оралбай

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Тұндыру әдісімен. Тығыздығы басым бор су түбіне тұнба боп түседі.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Су мен бензин тұндыру әдісімен бөлінеді.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Темір үгіндісі мен құмды қалай ажыратады

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

Магнитпен! Темір магнитке жабысып қалады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Қызанақ және сүтті тұндырса не болады?

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

Қызанақ пен сүттің қоспасын тұндырсақ бетке кілегей мен қызанақ сияқты жеңіл заттар көтеріледі. Ал су төменде болады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

Қандай жұмыс? Не істеу керек?

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Бор мен ас тұзын коспасын айыру ушін кандай тәсіл колланылады ?

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Бор мен ас тұзын коспасын айыру ушін кандай тәсіл колланылады ?

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

Бор мен ас тұзын суық суға салу керек. Тұз суда еріп кетеді де бор қалады. Ас тұзын судан қайта кристалдау арқылы бөле аламыз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Ағаш жоңғасы мен Темір үгіндісін қоспаны бөлу жоспарын құрастырыңыз

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Су құйсаныз ағаш жоғары көтеріледі. Ал темір су түбінде қалады. Тұндыру әдісі деп аталады. Жоғарыда жазылған қараныз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Қызанақ тұндыру?

 

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

Иә, қызанақты тұндыру әдісі арқылы бөлуге болады. Ол судан жеңіл сондықтан басқа затпен суға салсаңыз, мысалы құммен ол су бетінде қалқып қалады. Осы әдіспен фермерлер қызанақты батпақ пен құмнан тазалайды.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Қантпен құмды қалай ажыратуға болады?

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Армысызба!

Қант суда ериді. Демек су қосып оның ішінде қантты еріте саламыз. Одан кейін судан құмды сүзіп аламыз. Қанты су ерітіндісінен қайта кристандану әдісімен аламыз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою