×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қиық пирамида, қиық пирамида көлемі

Создание интернет магазина

Пирамида дегеніміз табанында көпбұрыш ал сүйір жақтары үшбұрыштар болатын пішін:

Пирамида деген не?

Бұны табанына параллель етіп қисақ қиық пирамида пайда болады:

Қиық пирамида

Қиық пирамида дегеніміз мынандай пішін:

Қиық пирамида дегеніміз не?

Қиық пирамида көлемі формуласы

Қиық пирамиданың жоғарғы табанының S1 ауданы және төменгі табанының S2 ауданы мен h биіктігі белгілі болса оның көлемі мына формула арқылы есептелінеді:

Қиық пирамида көлемі

Қиық пирамида көлемі формуласы дегеніміз осы.

Мысалы қиық пирамиданың жоғарғы табанының ауданы S1 = 4 см2 ал төменгі табанының ауданы S2 = 9 см2 және биіктігі h = 6см болсын. Бұның көлемі қандай?

V = 1/3*6(4 + 6 + 9) = 38 см3

Осы есепте пирамиданың жоғарғы табанының ауданы 1см2 ал төменгісінің ауданы 4см2 және биіктігі 3см тең болса, қиық пирамиданың көлемі қандай?

Пән: Геометрия