Комета деген не? Галлей кометасы
Комета деген не? Жер Күнді айналады, кометалар да Күнді айналып тұрады. Планеталардан бір ерекшелігі, бұл кометалардың траекториясында және салмағының аз болуында.
Суреттен көретініміз, бұл кометаның Күнге біресе жақындап біресе алыстап тұратындығында. Жер планетасының траекториясы дөңгелек тәріздес эллипс, ал бұлардың траекториясы созыңқы.
Кометаның көрінуі
Комета Күнге жақындағанда, кометаның құрамындағы заттар - мұз, тастар, шаң тозаң қызады да жаң-жаққа шашырай бастайды. Жарқырайды, осы жарқырау аспанда көрінеді:
Галлей кометасы
Әлемде ең танымал комета бұл - Галлей кометасы боп табылады. Бұл 75-76 жыл сайын аспанда пайда болады. Соңғы рет 1986 жылы көрінген еді. Келесі рет 2061 жылы көрінуі тиіс.
Галлей кометасың 1680-81 жылдары ағылшынның ғалымы Э. Галлей бақылаған еді. "Бұның траекториясы қандай?" деп И. Ньютонға сұрақ қойған еді. И. Ньютон оған бұның траекториясы эллипс болады және механиканың жаңа принциптері жайында сөз қозғаған еді. Механика мен математика жайлы И. Ньютонның бұл еңбектері, Галлейдін қаржыландыруымен, кітап ретінде 1686 жылы "Натурал философияның математикалық бастамалары" деген атпен жарық көрді.
Пән: Астрономия