Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс
19 ғасырдың басында Ресей империясы қазақ еліне көп бекіністер сала бастады. Бұған қарсылық ретінде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Кенесары қазақтың соңғы ханы, данагөй қолбасшы әрі халық қамқоршысы еді.
Кенесары ханның батырларының ақылдығы, ерлігі, қайсарлығы, патша өкіметінің орыс казактарынан және олармен бірге ел сайлаған ханға қарсы шыққан кейбір қазақ сұлтандарының төленгіттерінен басым еді. Талай шайқастарда ел мен халық қолдаған Кенесары әскері орыс казактарын жеңген еді. Сан түрлі тактикалық әдістерді пайдаланып, мысалы тұтқиылдан шабуылдап.
Бірақ жау қолында зеңбіректер мен мылтықтар көп еді, оған қоса көптеген бай мен сұлтандар ақ патша жағында болып еліне сатқындық істеген, орыстарға жол сілтеп, ат беріп, мысалы Абайдың әкесі Құнанбай, Шоқанның әкесі Шыңғыс және басқалары, соңдықтан Кенесары әскері 10 жыл күресіп, түбінде жеңілді. Бірақ Ресей империясының отаршылдарына қарсы күрес бұнымен аяқталмады, бұның бірі - Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс.
Патша өкіметінің салған бекіністері
Патша өкіметі - 1845 жылы Орынбор (кейін Торғай деп атала басталды) және Орал (кейін Ырғыз деп атала басталды) бекіністерін салды. Ал 1847 жылы Райым бекінісі салынды. Райым бекінісі Сырдария өзенінің Арал теңізіне құятын жерінде салынған.
1848 жылы Қарабұтақ, ал 1846 жылы Ново-Петровск бекіністері салынды.
Осыншама бекіністерді салған патша өкіметі, жергілікті қазақ халқына ауыр салық салды. Бұл бекіністерді салу үшін қажетті, жүк таситын көлік ретінде пайдаланған түйелерді, момын, еш жазығы жоқ қазақтардан алған. Есесіне бекіністер салған жерлер де қазақ руларына тиесілі еді, бұларды да еш ақы төлеусіз тартып алған.
Бұл заманда Сыр өңірін өзіне қаратып алған Хиуа мен Қоқан хандары, Ресей империясының бұл пиғылдарына қарсы болды. Бірақ наразылығын, Кенесары хан сияқты Ресей империясының бекіністерің алумен емес, жергілікті қазақ халқын тонаумен көрсетті.
Көтерілістің басталуы
Елді қанаған бұл жауларға қарсы күресті, Кіші жүздің Шекті руының батыры Есет Көтібарұлы бастады. Есет батырдың әкесі Көтібар Бәсенұлы, кезінде Сырым батырмен бірге патшалық ресейдің отарлық саясатына қарсы күрескен, елге әйгілі батыр болған.
Есет батыр көтерілісі 1847 жылдан 1858 жылға дейін созылған. Алғашында партизандық соғыс сипатында еді, аз топтармен Ресей империясының күштеріне шабуылдап тұрған. Ал кей кездері патша әскерлерімен үлкен шайқастар да болған.
1853 жылы патша әскерлері Қоқан хандығының құрамында болған қазақтың Ақмешіт қаласына қарсы жорыққа аттанады. Бұл жорыққа қажетті 4 мың түйенің патша өкіметі Кіші жүздің қазақтарынан өндіргісі келді. Бұның салдарынан халық арасында патша өкіметіне деген наразылық есейе түсті.
Патша өкіметі 1855 жылы Есет батырға қарсы күш жібермек болды, батырымыз тоспай өзі бұрын күш жинай бастады. Бұл батырдың қол астында осы жылы 1300-ге жуық сарбаз жиналған, бұлардың барлығы дерлік патша өкіметі жүргізген саясатына қарсы болған адамдар еді.
Есет батырға қарсы ресейлік Орынбор бекінісінен, Кіші жүздің орта бөлігінің басқарушысы болған Арыстан Жантөреұлы 900-ге жуық сарбазбен шықты. Сарбаздарының көбі Ресей империясына беріліп кеткен қазақтар еді, және бұларға қоса казактардың әскери жүздігі бар еді. Бұл заманда бірегей Кіші жүз бірнеше бөлікке бөлінген еді, әр бөліктің патшаға берілген қазақ арасынан шыққан басқарушысы бар еді. Сондай адамдардың бірі Арыстан Жантөреұлы еді. Оған қоса, ресейліктерге берілген сан түрлі шенеуніктер те қазақ арасынан болған еді. Бұндай адамдар қалын халыққа қарсы жорыққа Орынбордан аттанған еді.
Бірақ данагөй Есет батырымыз бұларды Суықсы шатқалында тұтқиылдан шабуылдап, сұлтан орналасқан лагерьді талқандайды. Сұлтанмен бірге, ресейліктер жағында болған талай билер, рубасылар қаза табады.
Осы жеңістен кейін Есет Көтібарұлының жасағы 10-40 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп, жау жағында болған билердің, рубасыларының, сұлтандардың малын барымталайды.
Көтерілістің жеңілуі
Орынбор әкімшілігі қол құсырып отыра алмады. Есет батырдың көтерілісің тоқтатқысы келді. Сөйтіп 1857 жылы, Орал мен Орынбордың казак әскерлерің, башқұрт полктерің және осы қамалдардағы әскери гарнизондарын көтерілісшілерге қарсы шығарды.
Мұншама қалын қол, көтерілісшілерге қарағанда жақсы қаруланған қол, Есет батырдың әскерін қуды. Есет батыр Үстіртке жақын орналасқан Асмантай және Сам құмдарына шегінеді. Осы Сам құмдарында көтерілісшілер түгелдей дерлік талқандалады.
Ал келесі жылы, 1858 жылының жазында, Есет батыр Орынбор губернаторы Катенинмен бітімге келіп, күресін тоқтатады.
Көтерілістің жеңілуінің себебі
Көтерілістің жеңілуінің басты себебі бұл қазақта заман талабына сай қару-жарақтың аз болуы. Ресейлік әскерилерде мылтықтар, зеңбіректер бар болса, қазақтардың қолында найза, садақ, қылыш сияқты ортағасырлық қару жарақ қана бар болды. Мылтықтар қазақтарда көп көлемде болмады.
Екінші себебі бұл патша жағында болған ақсүйектердің сатқындығы. Кейбір сұлтандар, билер, рубасылары орыстармен бірге қазақтарға қарсы соғысты.
Есет Көтібарұлының хиқаясы бұнымен аяқталмайды, осы батырды Ресей империясының шеңеуніктері 1859 жылы Петерборға шақырады. Және кейінгі жылдары Есет батыр лажсыздан ресейлік билікті мойындап, әділетті ел билеушілердің қатарында болады.
Пән: Тарих
Комменттер
Тарихи маңызы зор! Батырымыз елді, жерді қорғап күресті, елден жау әскерің қуып шыға алмаса да, қазақтың қорғаусыз қалмағананың Ақ патшаға көрсетті, елді рухтандырды!
Бұған патша әкімшілігі қаймығып, қанаушылық саятсатың жұмсартты. Көтеріліс аяқталғаннан кейін, Есет атамыз қазаққа қарсы күш көрсеткен Хиуаға қарсы патша әскерімен бірге соғысты.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Көтерілістің себебі сабақтың басында айтылған - ақ патша өкіметі қазақ жерінде бекіністер сала бастаған және бұған қазақтан мал алдырған, оған қоса жайлымдық жерлерің де тартып алған.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Ақ патша әкімшілігі қазақтан қаймығып, қанаушылық саятсатың аздап болса да жұмсартты. Оған қоса Есет батыр бабамыз орыстармен бірігіп қазаққа қоқандап тұрған Хиуаға қарсы жорыққа аттанды.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Бұл қазақтардың бас көтеруі, қанаушыларға қарсы соғысы.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
1855 жылы Есет батырдың Суықсы шатқалында ақ патша әкімшілігінің әскерін талқандауы.
1857 жылы көтерілісшілердің Үстіртке жақын орналасқан Асмантай және Сам құмдарында күші басым патша әскерінен жеңіліс табуы.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Көтерілістің ерекшелігі бұл көтерілісті бастаған Есет батырдың аман қалуы. Және ақ патша өкіметінің бұдан кейінгі жылдары қазақтарға қысымды азайтуда, қалын қазақпен санасуда. Оған қоса Есет батырдың патша әскерімен күш қосып Хиуаға қарсы жорыққа аттануда.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
cәлеметсізбе сіз маған көмектесе алсаңыз жаңқожа батырдың көтерілісінде женілуінін себебі керек өтінем
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сәлеметсізбе!
19 ғасырдағы көтерілістердің жеңілуінің себебі бір - қазақтарда ақ патшаның әскеріндегідей мылтықтар мен зеңбіректер болмады, қазақ мылтықпен қаруланған әскерге қылышпен, сойылмен, найзамен не садақпен шабуылдады, сөйтіп көп қазақ қырылды. Жаңқожа батырда замануи қару болса, ол барлық жауын жоқ қылар еді. Әскерді басқаруда, елді басқаруда Жаңқожа батыр шебер еді. Тағы бір себебі бұл байлардың және төрелердің сатқындығы, бұлар ақ патша жағына шығып кетуге бейім болды. Елін ақшаға сатып кеткен.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Есет көтібарұлы бастаған көтерілістің салдары айтып бере аласыз ба?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Ақ патша әкімшілігі қазақтан қаймығып, қанаушылық саятсатың аздап болса да жұмсартты. Оған қоса Есет батыр бабамыз орыстармен бірігіп қазаққа қоқандап тұрған Хиуаға қарсы жорыққа аттанды. Өз елін қорғап қалды!
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Кіші жүздің Шекті руынының патша өкіметіне наразы халқы. Бұған қоса Кіші жүздің өзге де қазақтары қосылған.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы птмс формуласы бойынша пікір калдырынызшы. Өтініш!
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Мақсаты тәуелсіздікке қол жету. Патша әскеріне қарсы күресу. Елін азат ету.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Ақ патша өкіметі аздап болса да өзінің қанау саясатын тежеді. Халық қаһарынан қаймығып баяғыдай басынбады. Елмен санаса бастады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Көтеріліске негізінен кедейлер қатысқан. Төре тұқымы о кезде ақ патшаға жағымпаз болған. Көтеріліс аяқталғаннан кейін ақ патшаның отарлау саясаты аздап тежеді, бекіністерді салу бәсендеді. Оған қоса Есет батырымыз қазақтың мазасын кетіріп тұрған Хиуа хандығына орыстармен бірге жорыққа аттанды.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Жанқожа батырдың да мақсаты өз елін азат ету. Сыр бойын 19 ғасырдың басында Қоқан мен Хиуа хандықтары жаулап алып елден салық алып тұрды. Бірнеше бекініс салып алым-салық алуды еселетті. Ел арасында бұған наразылық туып көтерілісті Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастады.
Кейін ақ патша солтүстіктен келгенде, бұларға да қарсы күресті. Қысқасы Есет пен Жанқожа батырлар ел мен жерді азат ету жолында күресті. Кешегі митингтегі батырлар сияқты елге теңдік, әділдік әпергісі келді.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Е. Көтібарұлының көтеріліс өткен аймағы, көтеріліс уақыты мен әлеуметтік құрамы, мақсаты жайлы айтып беріңізші өтініш?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Көтерілістің аймағы Кіші жүз, дәлірек айтсақ Арал маңы. Көтеріліс 1847 жылдан 1858 жылға дейін созылды. Негізінен қараша халық бұл көтеріліске қатысты. Төре тұқымы елді сатып кетті. Мақсаты елді азат ету, ақ патша езгісінен құтылу. Бекіністер салуға керек салықтан, елге ауыр тиген жүктен арылу.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Арал теңізінің маңында, Үстіртте, Сам құмдарында. Картаға қарасаңыз бұл жерлер қазір Актөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарына тиесілі. Сіз google map осы жерлерді тауып қараңыз.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Көтеріліс ақ патшаның отарлау саясатына қарсы басталды. Ақ патшаның қазақ жерінде бекіністер салып елге ауыр салық қоюында. Ел ақ патшаның саясатына қарсы шықты.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
essiz 0293
Жауап беру | Өзгерту | Жою