Молекулалардың қозғалысы, диффузия құбылысы
Көптеген физикалық тәжірибелер нәтижесінде молекулалардың үздіксіз қозғалыста болатыны дәлелденген. Мысалы біреу әтір суын сеуіп, бөлмеге кірсе, бұның иісің бөлмедегі отырған адамдар бірден сезеді. Неге? Себебі әтір суындағы бар хош иісті заттар ауада тез тарайды, әтір суындағы молекулалардың қозғалысы жылдам болады.
Бұл молекулалардың тез әрі жылдам қозғалып жүргенінің белгісі. Я болмаса керосин мен бензиннің иісі де жан-жаққа тез тарайды, бұның себебі де молекулалардың қозғалысы. Бензиннің молекулалары жылдам әрі тез қозғалады да, барлық жаққа бұның молекулалары тез, шапшаң тарайды.
Диффузия құбылысы
Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысынан жанасып тұрған екі заттың өзара араласуы диффузия құбылысы деп аталады. Екі заттың араласуы өздігінен болады, біреу бұларды араластырмайды.
Мысалы шайды суға салсаңыз, судың түсі өзгереді, бұған себепкер диффузия құбылысы:
Шай молекулалары судың молекулаларымен араласа бастағандықтан судың түсі өзгереді. Судың түсімен қатар дәмі де өзгереді.
Бір стақанға суық ал екінші стақанға суық суды құйыңыз. Екеуіне бір қасықтан шай салыңыз, қайсысында шай тезірек ериді? Ыстық стақанда! Неге? Себебі ыстық судағы молекулалар суық судағы молекулалардан шапшаңырақ қозғалады.
Денелердегі молекулалардың қозғалысы үздіксіз болады және молекулалар арасында үлкен арақашықтық бар.
Денедегі молекулалар мен атомдардың қозғалысы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым осы дененің температурасы жоғары болады. Мысалы ыстық суда қант суық суға қарағанда тезірек ериді, себебі ыстық судың молекулалары шапшаңырақ қозғалады.
Пән: Физика