Ескендір Зұлқарнайын және эллинизм дәуірі, Спитамен батыр
Ескендір Зұлқарнайын деп Шығыста көне гректін атақты қосбасшысы Александр Македониялықты атайды. Александр б.з.д 356 жылы дүниеге келді. Ескендірдің әкесі Филипп екінші көне Македонияның патшасы және көне Грекияны жаулап алған адам еді.
Б.з.д 336 жылы осы Филип қайтыс болады да таққа Александр отырады. Патша бола сала гректердің бас көтеруін аямай басты, тәуелсіз болғысы келген гректерді аямай қырды, қаң судай ақты. Көне Фив қаласы жермен жексен болды.
Б.з.д 334 жылы Ескендір көршілес орналасқан, бай, бірақ басшылары жігерсіз, қайратсыз Парсы империясына қарсы соғыс ашты. Парсы империясы сол заманда Грекиядан сонау үнділерге дейін созылған еді.
Александр б.з.д 334-323 жылдар аралығында құдыретті Парсы империясын жаулап алады. Парсы мемлекетінде тәртіп болмаған, билеушілердің көбі не жаулап алушылардың жағына ауып кеткен не өзін-өзі патша деп тағайындап бөлек-бөлек боп тарады.
Міне Ескендірдің жорықтарының бағыты және Парсы империясының картасы:
Бұл сақтардан жеңілген замандағы құдыретті Парсы империясы емес еді, ыдырау алдындағы мемлекет еді. Парсы елінің билеушісі Дарий үшінші бірнеше рет жаумен айқасқан еді, бірақ барлық шайқаста жігерлі, батыр бола алмады. Шайқастардан қашып кеткен кездері де болған.
Б.з.д 331 жылы Гавгамел деген жерде парсылардың басты күшін Ескендір жеңеді, ал Дарий үшінші қашып кетеді. Дарий өз отандастарымен кейін өлтіріледі. Парсылардың негізгі жерлері, қазіргі Иран мен Иракты басып алады. Атақты Бабыл (Вавилон) қаласын басып алады.
Б.з.д 329-326 жылдары Орта Азияға әскермен жорыққа аттанады. Сол заманда Орта Азияның басым бөлігі (Согдиана мен Бактрияна деп аталған) Парсы империясына тиесілі еді, бірақ жергілікті халық жаңадан келген жаулап алуышыға көңгісі келмеді. Көп соғысты, талай рет Ескендір әскерің жеңген де.
Спитамен батыр
Бұл орайда атақты Спитаменді атау керек. Спитамен Самарқан түбінде (Политимет түбіндегі шайқас) Ескендірдің қолбасшыларың талқандаған еді. Бұған дейін Ескендір әскері Парсы империясы аумағында ешбір рет жеңілмеген еді. Бұл б.з.д 329 жылы болған еді.
Спитамен нәсілі соғды, парсылардың жергілікті билеушісі еді. Спитамен Ескендірмен соғысқанда сақтарды көмекке шақырып отырған. Сақтар сол заманда солтүстікте мекендеген еді. Б.з.д 327 жылы Спитамен өлтіріледі, шайқаста емес, жау қолынан. Сірә бай гректер жасырын жан алушыны жіберген шығар?
Ескендір Зұлқарнайын көп әскермен, Орта Азияны күшпен бағындырады. Бактриялық билеушінің қызы Роксанаға үйленеді.
Сақтармен соғысы
Солтүстіктегі сақтар тыныш отыра ма? Ескендірдің зұлымдығын көріп, талай рет жергілікті халыққа жәрдемдескен. Мысалы Спитаменге көмектескен, Спитаменмен бірге Ескендір әскерінің жеке бөлімдерің талқандаған. Бұған Ескендір наразы боп, сақтарға қарсы жорыққа аттанады, бірақ Сырдариядан асып, көп ұзамай жеңіледі. Осы күнге дейін Шым жерінде Ескендір қайтты деген аңыз халық арасында тараған еді. Бұл аңыз нақты оқиғалардан туындаған.
Орта Азиядан кейін Ескендір үнділерге соғыс ашады, үнділердің біраз жерің жаулап алады. Бірақ біртіндеп жеңіле де бастайды, әскер ашуланады, бүлік шығарады. Лажсыздан әскермен Бабыл қаласына қайтып оралды. Көп ұзамай қайтыс болады, бұл б.з.д 323 жылы болады.
Эллинизмнің дәуірінің басы
Бірақ б.з.д 323 жылы Ескендір қайтыс болады да, оның империясы, әскер қолбасшыларының қолына көшеді. Бұлар бір мемлекетті талан-таражға салып бірнеше бөлікке бөледі. Эллинизм дәуірінің басы деп бұл дата алынады. Мысырда Ескендірдің Птоломей деген қолбасшысы билік құрады, Таяу Шығыстан бастап үнді жеріне дейін Селевк билік құрады. Бұл да Ескендірдің қосбасшысы еді. Ескендір империясының өзге жерлерінде де оның қосбасшылары билікке келеді. Бұлардан кейін билік ұрпақтарына тарайды.
Сөйтіп Жерорта теңізінің шығыс бөлігінен бастап сонау үнді жеріне дейін көне грек пен македон билеушілері билікті өз қолына алады. Басқарып отырған жерлерде, грек тілі мен мәдениетті насихаттайды, грек тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алады. Бұл жерлерде грек немесе эллиндік мәдениет басым болады. Ғимараттарды салуда, тиын ақшаларды соққанда, киімде грек немесе эллиндік стиль басымдыққа ие болады.
Эллиндік ғұламалар
Ескендір Ніл өзенінің Жерорта теңізіне құятын жерінде атақты Александрия деген қаланы тұрғызады. Бұл қала Мысырда әлі де бар. Александрия шаһарында кітапхана ашылады. Және ғұламалар мен өнер адамдары бұл жерге шақырылады. Птоломей мен оның ұрпағы, осы кітапхананың гүлденуіне көп күш жұмсайды.
Александриялық кітпаханада Геометрияның дамуына елеулі үлес қосқан Евклид жұмыс істеген. Архимед те осы жерде білім алған.
Эллинизмнің аяғы
Эллиндік мемлекеттер бір-бірімен қырқысып, соғысып отырған. Және эллиндік мемлекет басшыларының көбі елдерінде деспоттық, тирандық тәртіпті орнатқан. Кейбіреулері өздерің тіпті Құдаға теңеген! Адамдардың барлығы соларға қарыз боп қалғандай. Бұл эллиндік мемлекеттердің дамуының құлдырауына әкеп соқты.
Эллиндік мемлекеттердің ең ірісі Селевк империясы солтүстікте сақ тапйларымен шекаралас болған...
Дәлірек айтсақ дай тайпалар одағымен. Дайлар одағына парн тайпасы еңген. Осы парн тайпасының билеушісі Аршак б.з.д 247 жылы селевктермен соғысып, өз мемлекетінің негізін қалайды. Бұл Парфян империясы деп аталады.
Парфян империясы шығыс эллиндік мемлекеттердің көпшілігінің жерлерің жаулап алады. Ал батыста Рим империясы қалған эллиндік мемлекеттерді жаулап алады. Соңғы эллиндік мемлекет птоломейлік Мысыр б.з.д 30 жылы Рим империясының құрамына еңеді. Көне грек елі де Рим империясының құрамына еңеді. Осылай эллиндік дәуір аяқталады.
Рим мен Парфян империялары талай ғасырлар бойы бір-бірімен тең түсіп соғысып отырады. Рим империясының шығысқа жылжуына кедергі болған да осы Парфян империясы.
Пән: Тарих