×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Судың құрамы және физикалық қасиеттері

Создание интернет магазина

Су барлық жерде тараған зат. Осы судың арқасында адамдар және барлық жануарлар мен өсімдіктер тіршілік етеді. Сусыз Жер планетасында тіршілік жоқ. Өзендер, көлдер, теңіздер, мұздықтар, мұхиттар судан жаралған.

Судың құрамы

Судың химиялық формуласын бәріміз білеміз, бұл H2O (оқылуы аш екі о):

Су

Судың құрылымдық формуласы H-O-H ал салыстырмалы атомдық массасы Mr(H2O) = 2*1+16 = 18.

Судың физикалық қасиеттері

Су түссіз, иіссіз зат. Су аязды күндерде қатты мұз бен қар болады, яғни қатты күйінде болады. Ыстық күндерде буға айналып газ күйіне айналады. Судың қату температурасы 00 С, ал 1000 С градуста су қайнайды. Бұны қайнап тұрған шәйнектен байқай аласыз. Осы температурада су буланып газға айналады.

Таза судың тығыздығы 1 кг/л немесе г/см3. Суда тұздар бар болса судың тығыздығы өзгеше болады. Су электр тоғын нашар өткізеді. Су жақсы еріткіш, көптеген заттар суда жақсы ериді. Мысалы ас тұзы, шай.

Судың физикалық қасиеттері осындай!

Пән: Химия