Ағылшынша сандар айтылуы, оқылуы және жазылуы
Ағылшынша сандар осы сабақта қарастырылады. Ағылшын тілінде сандарды жазу тәртібі қазақ тілінде сандарды жазу тәртібіне өте ұқсас боп келеді. Бұл ұқсастық жиырма санынан басталады.
Нөлден онға дейінгі ағылшынша сандар
zero [ˈzɪərəʊ] нөл
one [wʌn] бір
two [tuː] екі
three [θriː] үш
four [fɔː] төрт
five [fʌɪv] бес
six [sɪks] алты
seven [ˈsɛv(ə)n] жеті
eight [eɪt] сегіз
nine [nʌɪn] тоғыз
ten [tɛn] он
Мысалы two days. Бұны екі күн деп аударамыз. Немесе one chance. Бұны бір шанс, бір мүмкіндік деп аударамыз.
Он бірден он тоғызға дейінгі сандар
eleven [ɪˈlɛv(ə)n] он бір
twelve [twɛlv] он екі
thirteen [ˈθəːtiːn] он үш (13 бастап teen қосыла береді)
fourteen [ˈfɔːtiːn] он төрт
fifteen [ˈfɪftiːn] он бес
sixteen [ˈsɪkstiːn] он алты
seventeen [ˈsɛv(ə)ntiːn] он жеті
eighteen [ˈeɪtiːn] он сегіз
nineteen [ˈnʌɪntiːn] он тоғыз
Жиырмадан миллионға дейінгі сандар
twenty [ˈtwɛnti] жиырма
twenty one жиырма бір
Жиырмадан бастап жиырма екі, жиырма үш және тағы сол сияқты ағылшынша сандар, қазақ тіліндегідей жазылады. Мысалы жиырма екі саны twenty two ал жиырма үш саны twenty three деп жазылады.
thirty [ˈθəːti] отыз
thirty one отыз бір
thirty two отыз екі
forty [ˈfɔːti] қырық
forty one, forty two, forty three қазақ тіліндегі қырық бір, қырық екі сияқты жазыла береді
fifty [ˈfɪfti] елу
sixty [ˈsɪksti] алпыс
seventy [ˈsɛv(ə)nti] жетпіс
eighty [ˈeɪtiː] сексен
eighty [ˈeɪtiː] тоқсан
hundred [ˈhʌndrəd] жүз
one hundred and one бір жүз бір немесе жүз бір
two hundred екі жүз
thousand [ˈθaʊz(ə)nd] мың
two thousand екі мың. Сіз жылды two thousand twenty two деп айта қоймандар. Ағылшындар екі мың жиырма екінші жылды twenty twenty two деп атай салады. Немесе 2010 жылды олар twenty ten дей салады. Айтуға ыңғайлы болсын деп.
million [ˈmɪljən] миллион
Сіз ағылшынша сандарды оқыңыз. Себебі осы тілде сөйлегенде сандарды атау керек болады. Мысалы дүкенге барсаңыз тауардың бағасын аайтады немесе кітапты оқығанда сандар болады. Бұларды біліп тану керек.
Ағылшын тілінде өзге сабақтар осы сайтта бар - ағылшынша жұмбақтар, ағылшынша эссе, ағылшынша диалогтар, ағылшынша айлар және ағылшынша сөздік.
Пән: Ағылшын тілі