Түбек деген не? Арабия түбегі - Жер шарындағы ең үлкен түбек
Түбек дегеніміз жан-жағынан сумен қоршалған, бірақ бір бөлігі құрлықпен қатынасатын жер аумағы.
Мысалы Анатолия түбегі солтүстігінде Қара теңізімен ал оңтүстігінде Жерорта теңізімен қоршалған, бірақ шығыс жағы Азия құрлығымен шектеседі:
Осы түбекте қазақ халқына бауырлас түрік пен күрд елдері қоныстанған.
Арабия түбегі - Жер шарындағы ең үлкен түбек
Арабия түбегі Жер шарындағы ең үлкен түбек боп табылады. Бұның ауданы 3,25 миллион шаршы километр.
Арабия түбегі - шығысынан Парсы бұғазымен, оңтүстігінде Үнді мұхитымен ал батысында Қызыл теңізімен шектелген. Бірақ солтүстік жағы Еуразия құрлығымен қатынасады:
Арабия түбегінде барша мұсылман қауымына қасиетті шаһарлар - Мекке мен Медина бар. Бұл түбектің климаты ыстық, бұнда шөл көп аумаққа жайылған. Негізгі халқы мұсылман дініндегі арабтар.
Пән: География