×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тәңіршілдік деген не? Оң ойлау деген не? Позитив деген не?

Создание интернет магазина

Тәңіршілдік дегеніміз әлемдегі тұнғыш бір құдайға сиынатын дін. Осы діннің негізі ол оң ойлау боп табылады. Қазақ сонау көне заманнан оң, позитивті ойлаған іргелі ел болып тұр. Оң ойлау дегеніміз жаман сөзден, істен арылу. Позитив деген не? Позитив дегеніміз оң ой.

Қазақ мақал-мәтелдерінің барлығы осы оң ойлау идеологиясында құрылған. Қазақ жаман, негативті ойламаған. Оны кейінгі ақын мен жазушылар ойлап тапқан. Орысқа, Еуропаға еліктеп.

Қазақтың позитивті ойлағанның белгілері

Жақсы сөз - жарым ырыс. Ырыс дегеніміз байлық, дәулет, бақ. Яғни жақсы сөз соның жартысы. Соған жетудің негізі.

Таспен атқанды - аспен ат. Негізінен осындайды басқа елдерден табу қиын. Қазақ жамандыққа жол бермеген. Сондықтан адасқан адамды тура жолға салып отырған. Осы мақал соның белгісі.

Тағы бір мақал бар: Заман түлкі болса, тазы боп шал. Оның мағынасы заман (қоғам, қауым) түлкі сияқты өзгеріп тұрса сен де әрекет ет. Қол қусырып отырма.

Жамансыз жақсы жоқ. Көріп тұрғанымыздай адам сәтсіздікке ұшыраса да, басынан бақ құсы ұшып кетсе де мұнаймай. Жамансыз жақсы жоқ деп кете берген.

Асан Қайғының мына өлені біздің пікірімізді құптайды:

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да,
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!..

Неліктен позитивті ойлау керек?

Адам баласы табысты болу үшін жаманнан жиіркеніп жақсыға ұмытылу керек. Әлемдегі үздік ғылымдарды, технологияларды менгеріп бай, қуатты елдердің қатарына қосылу керек. Адам баласы көне заманның ғұламаларына қарап бой түзеу керек.

Қазақта дана, батыр болғандар жетерлік. Солардың жеңіске жетуінің басты себебі оң ойлау. Адам жауды женемін деп шайқасады. Адам жетістікке жетемін деп оқуға түседі. Бауыржан атамыз айтқандай - Өз елін сүймеу, оны құрмет қылмау сатқындық.

Қазақ әдебиетінде негатив қайдан пайда болды?

Негативті өлен мен романдар Еуропаға тән. Өйткені оларда неше түрлі залым патшалар, диктаторлар билік құрған еді. Мысалы Уилиям Шекспир заманында талай ақын мен жазушы жазаланды. Оның замандасы аты әлемге әйгілі "Утопия" романының авторы Томас Мордың басы алынған.

Сондықтан Шекспирдің барша туындылары мұн, қайғыға толы. Ромео Джульеттаға ғашық болады. Джульетта оған көнеді. Бірақ ата-аналары қарсы болып олар бірге мерт болады. Гамлет ханзада бола тұрып болу не болмау деп мұнайып жоқ жерден қазаға ұшырайды.

Отеллоны айтпай қояйық. Көрдініз бе негізінен драма, трагедия. Осы туындылар қазақи болмысқа сай келмейді. Мысалы Ромео қазақ болса ол Джульеттаны ұрлап кетер еді.

Ал Гамлет сияқты ханзадалар болу не болмау демей ел қамын ойлап жаумен жекпе жекке шығып отырған. Мысалы Абылай сұлтан оң тоғыз жасында қалмақ ханының сүйікті баласын, әскер басын жекпе жекте мерт қылады. Әбілхайыр сұлтан он сегіз жасында еділ қалмақтарын Жайықтан қуады. Екеуі де төре тұқымы. Екеуі де ханзада. Бірақ Гамлет сияқты мыжын емес. Ел қамын ойлаған батырлар.

Осы Еуропа әдебиетіне қазақ ақындары мен жазушылары еліктеп негативті үйіп салды. Ақын мұн қайғыға бата бастады. Өзі де, елі де мұнға батты.

Қазақ ақындары Ресейге қосылмай тұрып қандай еді?

Еуропа мен Ресейдің әсері әлі байқала жатпаған кезенде ақын, жырау дегендері ел үшін тірлік еткен. Мысалы Бұқар жырау қазақ жерін жоңғардар азат ету үшін қаншама рет батырларды жинауға ат салысқан. Қаншама ұрыстарға жастармен бірге қатысқан.

Мысалы Пушкинді қарастырайықшы. Пушкин керемет ақын. Өз елінің мақтанышы. Осы заманғы орыс әдебиетінің негізін қалаушы (Пушкинге дейін орыс ақсүйектері орысша сөйлемеген). Әрқайсымыз Пушкиннен кейін неше түрлі орыс ақын мен жазушыларын білеміз. Ал оған дейінгілерін тіпті орыстардың өздері де көп біле бермейді.

Бірақ жаны нәзік, қорғансыз болған сон. Зымияндарға тап болды. Дуэлге шығып мерт болды. Қайдағы бір келімсек Дантестен мерт болды.

Ал Пушкиннің заманында қазақта Махамбет бар еді. Оған Дантес келе алар ма еді? Тиісе алар ма еді? Ондайдын мойнын Махамбет бұра салар еді. Қараша түгіл ханға да тіл тигізген Махамбет оны жермен жексен етер еді.

Көне әдебиет білім мен ғылымның қайнар көзі

Қазақта көп білген емес көп тоқыған деген бар. Яғни өмірлік тәжірибесі бар. Халық үшін еңбек еткеннің жолы бөлек. Үйде отырып кітап оқыған оған тең емес. Сондықтан негізі көне би, жырау, батыр, ақындардың аталы сөздерін оқындар.

Мысалы Төле бидің неше түрлі батасы бар. Майқы бидің айтқан аталы сөздері бар. Оған қоса қаншама батыр кезінде шешен аталған. Демек айтқан жалынды сөздері бар. Соларды оқындар.

Асан Қайғы сияқты ұлы ғұламалардың аталы сөздерін, өлендерін жаттандар. Оң ойлап тірлік етіндер. Іргелі ел болғын келсе бесігінді түзе дегендей адам болғыныз келсе оң ойлап жүріндер.

Ислам ше?

Тәңіршілдік пен ислам түбі бір дін. Ол бір құдайға сиыну. Кұранда жазылған емес пе, сізге дейін қаншама пайғамбар жібердік деп. Сол алғашқы пайғамбарлар тәңіршілдікті құрды. Негізі басынан аяғына дейін тәңіршілдік пен исламда осы заманның игілігін көріндер. Жерде мұн қайғыға батпай көнілді жүріндер деген.

Яғни тәңіршілдік пен ислам философиясы бір. Ол көнілді болып осы өмірдің қызығын көру.

Пән: Тарих