×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бұғаз деген не? Босфор, Гибралтар, Беринг, Ла-Манш бұғаздары

Создание интернет магазина

Бұғаз дегеніміз екі құрлық аумағын бөлетін және іргелес жатқан су бассейндерін қосатын су кеңістігі.

Мысалы Босфор бұғазы (бағдаршамен көрсетілген) Қара теңізді (картада Black sea) Мәрмәр теңізімен (картада Sea of Marmara) қосады және Еуропа мен Азияны бөледі:

Бұғаз деген не?

Босфор бұғазы

Жоғарыдағы картада бейнеленген Босфор бұғазы Қара теңізді Мәрмәр теңізімен қосады. Бұл бұғаздын кішірейтілген картасы мынандай:

Боспор бұғазы

Боспор бұғазы Еуропа мен Азияны бөледі. Боспор немесе Босфор бұғазы халықаралық саудада елеулі мәнге ие. Себебі бұл бұғаз арқылы Қара теңіз жағалауындағы порттардан кемелер Жерорта теңізіне және одан асып төрт мұхитқа жете алады.

Қазақстандық тауарлар мен шикізаттын біраз бөлігі осы бұғаз арқылы тасымалданады (Батыс Қазақстаннан поездбен Ресей арқылы Қара теңізге дейін жетеді де Қара теңіздегі порттарда кемеге жүктеліп, алыстағы елдерге жөнелтіледі). Мысалы бидай мен мұнай. Оған қоса осы бұғазда Стамбұл деген ірі мегаполис орналасқан.

Ла-Манш бұғазы немесе Ағылшын бұғазы

Ла-Манш бұғазы Еуропа мен Британия аралдарын бөліп тұрады:

Ла Манш бұғазы немесе Ағылшын бұғазы

Бұның екінші атауы Ағылшын бұғазы. Ла-Манш бұғазының халықаралық саудадағы рөлі зор. Себебі көп кемелер бұл бұғаз арқылы өтеді.

Ла-Манш бұғазы арқылы Солтүстік Еуропа елдерінің кемелері Америка мен өзге елдерге барады.

Беринг бұғазы

Беринг бұғазы Азия мен Солтүстік Американы екіге бөледі:

Беринг бұғазы

Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Мұзды мұхитының жағалауында орналасқан порттарда кемелер Тынық мұхитына барады. Бұл бұғаздың да халықаралық саудадағы рөлі зор.

Мысалы Ресейдің солтүстік аймақтарында өндірілетін мұнай мен минералдардың біраз бөлігі осы Беринг бұғазы арқылы - Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ сияқты елдерге тасымалданады.

Сонымен қатар Еуропадан Америкаға баратын теңіз жолы осы бұғаз арқылы өтеді.

Гибралтар бұғазы

Гибралтар бұғазы Жерорта теңізін Атлант мұхитымен байланыстырады:

Гибралтар бұғазы

Гибралтар бұғазы да халықаралық саудада зор мәнге ие, себебі бұл бұғаз арқылы көптеген кемелер өтеді. Себебі Жерорта теңізі мен Қара теңіздері жағалауында көп халық қоныстанған, көп дамыған мемлекеттер бар.

Сонымен қатар Гибралтар бұғазы арқылы Үнді мұхитынан келген кемелер (Қызыл теңізді Жерорта теңізімен қосатын, Мысырда орналасқан Суэц каналы арқылы) Атлант мұхитына өтеді.

Пән: География