Жер асты сулары дегеніміз не?
Жер қыртысының жоғарғы бөлігінде орналасқан су жер асты сулары деп аталады. Бұл су бірнеше метр тереңдікте де, бірнеше мың метр тереңдікте де орналасуы мүмкін. Мысалы бәрімізге таныс "Сары-Ағаш" минералды суы 1300 метр не одан да терен жатқан су қоймаларынан алынады. Бұл су ағзаға пайдалы.
Кей жерлерде жер бетінде бұлақтар пайда болады:
Бұл жер асты суларының жер бетіне шығуы. Қазақстанда бұндай бұлақтар өте көп. Әсіресе тау қойнауларында. Осы бұлақтан көне қазақ су ішкен, малын да суарған.
Пән: География