×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Дұрыс көпбұрыштар деген не?

Bolzhau.com

Дұрыс көпбұрыштар дегеніміз барлық қабырғалары және іргелес жатқан қабырғалар арасындағы бұрыштары тең фигуралар.

Мысалы тең қабырғалы үшбұрыш дұрыс көпбұрыш болады:

Дұрыс үшбұрыш

Осы үшбұрыштың барлық қабырғалары және іргелес жатқан қабырғалар арасындағы бұрыштары да тең болады.

Басқа дұрыс көпбұрыштар мысалдары:

Дұрыс көпбұрыштар

Дұрыс көпбұрыштың іргелес жатқан қабырғаларының арасындағы бұрыш мына формула арқылы аңықталады:

a = 180*(n-2)/n

Мысалы дұрыс үшбұрыш үшін n=3, a = 180*(3-2)/3 = 600

Ал квадрат үшін n=4, a = 180*(4-2)/4 = 900.

Жаттығу ретінде дұрыс бесбұрыштың бір бұрышын және бұрыштардың жалпы соммасын есептеңіз. Ал дұрыс алтыбұрышты сала аласыз ба? Қағазға салып көріңіз.

Пән: Геометрия

Комменттер

Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының орталары басқа дұрыс көпбұрыштың төбелері болатынын дəлелдеңдер? деген есепті шығару қажет 9 класс

Айдын Касенхан

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Дұрыс көпбұрышты және оның қабырғаларының орталары арқылы басқа көпбұрышты салайық:

Дұрыс алтыбұрыш

∠B1A1B2 мен ∠B2A2B3 үшбұрыштары үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі бойынша тең болады, себебі B1A1 = B2A2 және A1B2 = A2B3 есептің шарты бойынша, оған қоса ∠A1 = ∠A2 (дұрыс көпбұрыштың барлық ішкі бұрыштары тең болады).

Бұдан B1B2 = B2B3

Басқа қабырғаларының теңдігі дәл осылай аңықталады. Осындай үшбұрыштардың барлығы өзара тең болады. Яғни салынған көпбұрышымыз дұрыс көпбұрыш болады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою