Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі, тең үшбұрыштар
Екі үшбұрыш тең деп аталады, егер олардың сәйкесінше қабырғалары және градуспен есептелген сәйкесінше бұрыштары тең болса. Осы сабақта үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі оқылады.
Теорема
Бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы, екінші үшбұрыштың сәйкесінше қабырғалары мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұндай үшбұрыштар тең болады.
Бұны мына суретте көре аласыз:
Осы суреттегі BAC және B1A1C1 үшбұрыштар тең, себебі BA = B1A1, AC = A1C1 және олардың арасындағы бұрыштар да тең. Сіз қағазға екі тең үшбұрышты салып көріңіз.
Пән: Геометрия
Комменттер
Бұл есептің суреті:
KL = NM = 4см, 1 бұрыш 2 бұрыштқа тең, КМ 3см. LN неге тең?
Суретте көрсетілген KMN және NLK үшбұрыштарының екі қабырғалары тең, KL = NM = 4см. KN қабырғасы ортақ. Және 1 мен 2 бұрыштар тең. Сондықтан үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі бойынша бұл үшбұрыштар тең (тең үшбұрыштардың барлық сәйкесінше қабырғалары және бұрыштары өзара тең болады), яғни LN = KM = 3см.
Жауабы: LN = 3см.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Егер AB=DE, AC=EF және А бұрышына Е бұрынына тен болса онда кескінделген үшбұрыштар тен бола ма ?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Иә тең болады, жоғарыдағы теоремаға сәйкес. Себебі екі үшбұрыштардың екі қабырғалары өзара тең және олардың арасындағы бұрыштары да.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
KL=NM=4см,1 бұрыш 2бұрыштан тең,КМ 3см LNұзындығы қалай табылады
Isabek Arai
Жауап беру | Өзгерту | Жою