Бөлу амалы, сандарды бөлу, бөлу әдісі
Бөлу амалы деген не? Көбейтуге кері амал бөлу деп аталады. Мысалы бөтелкенің сыйымдылығы 2 литр болса, 10 литрлік шелекті толтыру үшін неше бөтелке қажет?
Бұны былай жазуға болады 10 = a*2.
Қандай санды екіге көбейтіп онды аламыз? Жауабы бесті, а беске тең, себебі бесті екіге көбейтсек он болады.
Бөлу амалы : не / символымен белгілейді. Яғни 10:2 = 5 немесе 10/2 = 5.
Жаттығу ретінде мыналарды орындаңыз: 4/2, 8/4, 12/6.
Бөлу амалының қасиеттері
(a+b)/c = a/c + b/c
Мысалы:
4/2 = (2 + 2)/2 = 2/2 + 2/2
4/2 = 1 + 1
4/2 = 2
(a-b)/c = a/c - b/c
Мысалы:
27/3 = (30 - 3)/3
27/3 = 30/3 - 3/3
27/3 = 10 - 1
27/3 = 9
(a/b)/c = a/b*c
Мысалы:
(4/2)/2 = 4/(2*2)
(4/2)/2 = 4/4
(4/2)/2 = 1
Бөлу көбейту амалына кері амал болады.
Пән: Математика