×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Пирамида деген не? Пирамиданың табаны, бүйір қыры, биіктігі

Создание интернет магазина

Пирамида бұл мысалы Хеопс пирамидасы:

Хеопс пирамидасы

Бұның астында, табанында квадрат ал бүйір қырлары үшбұрыштардан құрылған, бұл үшбұрыштардың ортақ басы бар. Үшбұрыштардың ортақ басы пирамиданың төбесі деп аталады. Пирамида дегеніміз осы!

Пирамида бұл табанында көпбұрыш ал бүйір қабырғалары ортақ басы бар үшбұрыштардан құралған пішін, көпжақ:

Пирамида деген не?

Бұл суретте пирамиданың табанында бесбұрыш тұр.

Пирамиданың табаны

Пирамиданың табаны ретінде кез келген көпбұрыш бола алады. Мысалы квадрат, үшбұрыш, ромб және басқалары. Жаттығу ретінде бірнеше пирамиданы сызып көріңдер.

Мысалы табанындағы көпбұрыштың үш, төрт, бес, алты қырдан құрылғандарды салып көріңдер.

Пирамиданың биіктігі

Пирамиданың биіктігі бұл пирамиданың төбесінен пирамиданың табаны орналасқан жазықтыққа түсірілген перпендикуляр. Мысалы Хеопс пирамидасының биіктігі 139 метр!

Пән: Геометрия