Жердің Солтүстік және Оңтүстік полюстері
Жер Шары айналады, айналу өсі жер бетін екі рет тесіп өтеді, бір рет Солтүстік полюс ал екінші рет Оңтүстік полюс деп аталатын жерлерде.
Бұны схемада былай көрсете аламыз:
Полюстерде климат суық әрі аязы қатал. Адам тұруға қолайсыз жер. Себебі күн сәулесі бұнда аз түседі. Солтүстік полюс Солтүстік мұзды мұхитта орналасқан, ал Оңтүстік полюс Антарктидада орналасқан.
Ескерту
Солтүстік және Оңтүстік полюстер көзге көрінбейді, бұлар - тау, өзен, мұхит сияқты емес. Бұл ойдан құрылған нүктелер. Бұлар табиғатта жоқ. Карта жасағанда пайдаланатын ұғым.
Пән: География