Жаңғырық деген не?
Үлкен қуыс ғимарат ішіне кіріп, мысалы спортзалға не театр сахнасына, қатты сөйлесеңіз біраз уақыттан кейін бір дыбыстарды естисіз, сіз айтқанды біреу әдейілеп қайталап тұрғандай. Бұл қабырғалардан шағылған сіздің даусыныз. Жаңғырық дегеніміз не?
Жаңғырық бұл өзге заттардан шағылған дыбыс. Мысалы тауға шығып айқайласаңыз, өз дайсынызды бірнеше рет естисіз.
Жаңғырық былай пайда болады:
Мына суретте көрсетілген дыбыс шығарғыш (Sender) қызыл түспен бейнеленген дыбыс толқындарын шығарады, бұл толқындар бірақ уақыттан кейін көк түсті затқа жетеді де, бұл заттан шағылысып жасыл түстпен бейнеленген дыбыс толқындары қайта оралады.
Қайта оралған дыбыс толқындары бұл біз еститің жаңғырық. Адам баласының құлағы тек уақыт аралығы 0,06 секунд болатын жаңғырықтарды ғана ести алады.
Мысалы 34 метр қашық орналасқан қабырғадан шағылған дыбысты біз ести аламыз ба? Жаңғырық пайда бола ма? Дыбыстың жылдамдығы 340 м/с. 34/340 = 0,1 секунд. 0,1 секунд 0,06 секундтан көп, соңдықтан ести аламыз.
17 метр алыс орналасқан қабырғадан жаңғырық пайда болады ма? Жоғары тауда 680 метр алыс орналасқан шыңнан шағылысқан, адамның айқайы неше секундтан кейін естіледі?
Жаңғырықты пайдалану
Дыбыстың шағылысуына негізделген акустикалық құралдардың көмегімен теңіз түбінде орналасқан заттардың пішінің табуға болады:
Жіберілген және шағылысып келген дыбыстардың уақыт аралығын өлшеп арақашықты есептеуге болады. Судағы дыбыс жылдамдығын біле отырып арақашықты есептеуге болады.
Бұны соқыр жарғанаттар да пайдаланады. Жарғанат ультрадыбыстарды шығарады да, бұл дыбыстардың жәндіктер мен заттардан шағылысқан уақыттың өлшеп оның миы ара-қашықты есептейді. Жарығы жоқ үңгірлерде осының арқасында жарғанаттар емін-еркін ұша алады. Және қорегі болатын жәндіктерді де тез таба алады.
Пән: Физика