×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сақтар мен сақ тайпалары, Тұмар патшайым, Шырақ батыр

Создание интернет магазина

Сақтар дегеніміз екі мың жыл бұрын Қазақстан мен Орта Азияда мекендеген тайпалардың жалпы атауы. Көне гректер бұл тайпалар жайында көп, құнды тарихи деректер қалдырған. Солардың ішінде - "тарихтың атасы" Геродот, Полиен, Плиний, Страбон, Птоломей және басқа көне грек тарихшылары сақтар туралы мәлімет қалдырған.

Сақтар "Жауға қатал, досқа адал" деп жазып кеткен тарихшылар. Сақ - бүткіл дүгиеге әйгілі ұлы ел, ұлы мәдениет. Қазақтың арғы атасы. Қазақ сөзі хас және сақ дегеннен шықты деп саналады. Яғни қазақ сөзі нағыз сақ дегенді білдіреді.

Сақтардың өмір сүрген уақыты шамамен б.з.д 1 мыңжылдық пен біздің заманымыздың 1-2 ғасырлары. Бұдан кейін сақтар жоқ боп кетті деп ойлап қалмандар, сақтар қазақтын арғы атасы. Соңдықтан сақтардың өмір сүрген кезеңі дегенді бұл сақтардың тайпалық одақтарының болған заманы деп түсіну керек.

Бұлардан кейін Қаңлы, Үйсін және Ғұндар сияқты саяси бірлестіктер пайда болады. Бұлар сақтардан тараған тайпалар.

Тұмар патшайым сақ батырларын басқарған көсем

Көне парсылар кен байтақ жерімізге қызығып сақтарға қарсы бірнеше рет жойқын соғыс ашқан, бірақ барлық бастамалары жеңіліспен аяқталып қалған. Сақ елін жаулап ала алмаған. Бабаларымыз парсылардың тас талқаның шығарған! Атам қазақ айтқандай - Арыстан Айға шауып мерт болған.

Б.з.д 530 жылы Кир екінші сақ еліне жорыққа аттанған. Кирдің әскері де, байлығы да көп еді. Себебі сақтарға дейін парсылардың патшасы Кир - Көне Бабылды (Вавилонды), қазіргі Түркия аумағында орналасқан Лидия патшалығын, қазіргі Иран жерінде орналасқан Мидия елін бағындырған. Бұл елдерде көп олжа иеленген. Ирақ пен Күрдістан жерін бағындырды.

Кир екінші әлемдік, жаһандық империяны құрды.

Бұған тоймай сақ еліне жорыққа аттанады. Сақтардың жерін, елін өзіне қаратқысы келді. Сақтарды жеңіп батыстағы елдерді, Мысыр мен Грекияны жаулап алып алып империясын ұлғайтуды ойлады.

Сол заманда сақтарда Тұмар патшайым деген данагөй әрі батыр көсем билік құрған еді. Басқа аты Томирис патшайым, көне сақ елінде қуатты мемлекет құрған дарынды билеуші әрі батыл қолбасшы. Томирис Арал маңында мекендеген сақтардың массагет деген тайпасының билеушісі. Массагеттерге қоса көрші руларды да бағындырған. Өзі де осал емес. Сақ батырларын басқарған атақты қолбасшы бола алған.

Кир сақ елінің атақты билеушісі Тұмар патшайымға үйлену жайында ұсыныс береді, бұған сақ билеушісі келіспейді. Кирдің түпкі мақсаты үйлену емес сақтардың елін иемдену екенің бірден ұғып.

Сөйтіп соғыс өрті тұтанады! Әліне қарамай сақ жеріне баса көктеп кірген байқұс Қирдің соңғы жорығы осылай басталды.

Кир Аракс өзенің кешіп далаға өзінің әскерінің ең әлсіз бөлігін және ас пен көп арақ-шарапты қалдырады да, өзі әскерінің негізгі бөлігімен кейін шегінеді. Сақтардың әйел патшасы Тұмардың баласы Спаргапис, бұл әскерді өз жасағымен талқандайды да шарап пен тамаққа тойып әскерімен ұйықтап қалады.

Мас сақтарды Кир шабуылдап, Спаргаписті тұтқынға алады. Тұмар Кирден баласын босатуды және бар әскерімен еліне кетуді талап етеді. Бұған Кир көнбейді де сақтар мен парсылар арасында үлкен шайқас болады да парсылар толығымен дерлік қырылады. Парсылар ойсырай жеңіледі. Кирдің басын тауып Тұмар патшайым қанға толған меске салып былай деген:

"Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ."

Көп кешікпей көне гректер келіп Тұмар патшайымға сый-тарту береді. Себебі бұ кезде гректер парсылардың шабуылынан зиян көрген.

Шырақтың ерлігі

Сақтар Тұмар патшайымнан кейін парсыларды тағы бірнеше рет жеңген. Мысалы сақ батыры Шырақ парсылардың патшасы Дарий біріншінің әскерің алдап шөлге апарған, шөлде парсылар судын жоқтығынан үлкен шығынға ұшырады, сарбаздар мен аттардың көбі қырылды. Дарий бірінші әрен дегенде еліне қайтты.

Шырақтың ерлігі б.з.д 519 жылы болған. Осы жылы Дарий зор әскерінен айрылған. Шырақ жау қолынан мерт болса да, елі мен жерін аман қылды. Жаудан сақтады.

Сақ тайпалары

Сақ тайпаларының Қазақстан аумағында қоңыстану картасы:

Сақ тайпалары

Бұл сақтар картасы көне заманда еліміздің бүткіл облыстарында сақтардың мекендегенің көрсетеді.

Ірі сақ тайпалары - массагеттер, тигрохаудтар, дайлар, сарматтар, парадарайалықтар, аримаспылар, аргиппейлер, хаумаварга және исседондар. Дайлар картада көрсетілмеген, олардың мекендеген жерлері Каспий теңізінің шығыс жағалауы. Маңғыстаумен іргелес жерлер.

Парадарайа дегеніміз "өзеннің ар жағындағы", хаумаварга дегеніміз хаумо деген сусынды дайындайды деген мағынада қойылған атаулар.

Тарихта ерлігімен аты қалған Тұмар патшайым массагеттер арасынан шыққан.

Сақтардың шаруашылығы

Сақтар, қазақтар сияқты жартылай көшпелі ел еді. Яғни халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысқанмен, сақтардың ортағасырлық қазақтардағыдай өздерінің қалалары бар еді. Бұл қалаларда халыққа қажетті заттар өндірілген.

Мысалы Алматы қаласының маңында Талхиз деген атпен белгілі қала бар еді, қазір бұл жерде Талғар қаласы бар.

Шірік-Рабат - сақтардың астанасы

Сақтардың астанасы Шірік-Рабат қаласы еді. Бұл Сыр өңірінде көне заманда болған қала. Бұл қалада сақтардың билеушілері мекендеген. Сақ массагеттер жерінде осы қала орын тепкен.

Шірік-Рабат қаласы ірі сауда және саяси орталық болған. Сол замандағы ең ірі қалалардың бірі болған.

Сақтардың мәдениеті

Сақтардың мәдениеті жоғары сатыда болды. Сақтар зергерлік өнерде өнерпаздар еді, бүткіл әлемге әйгілі Алтын Адам осыны дәлелдейді. Сақтардың кейбір зергерлік әдістеріне қазіргі зергерлер де танданады.

Алтын адам

Сақтар металл өндіруде шебер еді, шаруашылықта және қару-жарақ жасауда көп қолданылатың темірді өндіруде де. Болатты да өндіре білген, бұл үшін балқыған темірге жануарлардың сүйектерің қосқан.

Сақтардың жазуы бар, бұл жазу Есік қаласының маңында табылған Алтын Адаммен бірге табылған күміс тостағанда жазылған.

Сақтардың материалдық мәдениеті бізге археологиялық қазбалар арқылы жетті. Көне замандарда сақтар өз билеушілерін арнайы жолмен жерлеген. Өмірінде ұстаған қылыш, найза, садақ және басқа қару жарақтармен, о дүниеде қолданады деген ниетпен тостаған, кәсе және басқа ыдыс-аяқпен, о дүниеде мінеді деген ниетпен өз атымен бірге жерлеген. Бұл сақтардың қорымдарын археологтар ашып, қазып, бар заттарды алып, өндеп мұражайларға қояды.

Сақтардың киіну мәдениеті

Сақтардың киіну мәдениеті ортағасырлық замандағы қазақтардай болды. Үстінгі киім бұл шапан, ал астынғы киім бұл шалбар. Сақтар өзге көне елдер сияқты ынғайсыз киімдер киген емес. Себебі ат үстінде отыру үшін шалбар кию керек еді.

Кейін сақтардың киіну үлгілерін басқа ұлттар көшіре бастады. Қазақтың сәукелесі Алтын Адамның бас киіміне ұқсас. Себебі сонау заманда биік қалпақты кию дәстүрі бар болған. Тиграхаудтарда бұндай бас киімді бәрі киген. Содан кейін қазаққа мұра боп қалған.

Сақтардың қоғамдық құрылысы

Сақтардың қоғамдық құрылысы ерте кезде болған мемлекеттерге тән еді. Мемлекетті патша басқарған, патшаның көмекшілері ел билеушілері бар болған, әскерді басқарған әскербасы болған.

Сақтардың билеушілері соғыс заманында демократриялық жолмен де тағайындалған, бұны тарихи оқулықтарда әскери демократия деп атайды.

Пән: Тарих