×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Электрлік кедергі деген не?

Создание интернет магазина

Электрлік кедергі дегеніміз өткізгіш арқылы тоқтың өтуіне бөгет болатын құбылыс. Электр сымдары арқылы тоқ өткенде, тоқтың біраз бөлігі жоғалады. Себебі сымдар қызады. Бұған себепкер электрлік кедергі.

Мысалы электр шамы:

Электр шамы

Электр шамының шынысының ішінде орналасқан жіңішке қыл сымының Цельсий шкаласы бойынша 20000-30000 градус шамасына дейін қызуына себепкер - электрлік кедергі.

Я болмаса асты жылытуға қолданылатын құрал, электр плитасы:

Электрлік плита

Кедергінің формуласы

Ұзындығы l, көлденен ауданы S болатың біртекті өткізгішті қарастырайық:

Меншікті электр кедергісі

Мысалы, үйіңізге тоқты жеткізетің мыс не алюминий сымы осындай өткізгіш бола алады.

Біркелкі өткізгіштің электр кедергісі мына формула арқылы есептеле алады:

R = ρ l/S,
мұндағы l өткізгіштің ұзындығы, S өткізгіштің көлденең ауданы ал ρ меншікті кедергі коэффициенті деп аталатын тұрақты, бұл сан әртүрлі заттар үшін әртүрлі. Мысалы мыстың меншікті кедергі коэффициенті 1,72*10-8 Ом/м тең.

Пән: Физика