Полюссіз және полюсті коваленттік байланыс
Атомдар оң зарядталған ядродан және ядроны айналып жатқан теріс зарядталған электрондардан құралған. Мысалы сутегі атомының құрылысы мынандай:
Центрде оң зарядталған ядро ал оны қоршап тұрған, суреттегі бұлт - электрон бұлты. Кванттық механиканың принциптеріне сай, электронның орналасқан жерін дәл аңықтауға болмайды, бірақ бұның шамамен орналасқан аумағын аңықтауға болады. Бұл аумақты бұлт ретінде белгілейді.
Сутегінің екі атомының электрондар бұлттары өзара әрекеттесіп, бір бұлтты құрайды:
Екі ядроның арасында электрондардың шоғыры ұлғаяды да, он зарядталған ядролар бір-біріне күштірек тартыла бастайды. Сөйтіп тұрақты құрылым, сутегі молекуласы (H2) пайда болады.
Атомдардың сыртқы валенттілік электрондары осылай оттегінің, хлордың молекулаларын құрайды. Көптеген газдар екі атомнан тұратын молекула түрінде табиғатта жиі кездеседі.
Коваленттік байланыс
Сутегі молекуласы екі бірдей атомнан құралған. Екі атомның, ортақ электрон жұбы пайда болатын байланыс коваленттік байланыс деп аталады.
Сутегі, оттегі сияқты екі бірдей атомнан тұратын, газ молекулалары, коваленттік байланыстың арқасында түзіледі.
Коваленттік байланысты былай белгілейді:
Сутегі атомында бір сыртқы валенттік электрон бар, бұны нүктемен белгілейді. Ал түзілген сутегі молекуласында бір ортақ электрон жұбы бар болады, бұны екі нүктемен белгілейді.
Коваленттік полюссіз байланыс
Электртерістігі бірдей екі атом ковалентті байланыс орнатса, онда бұндай байланыс коваленттік полюссіз байланыс деп аталады. Ковалентті полюссіз байланыс орнаған молекулада, екі атом ядросының ортақ электрон бұлтшаға дейінгі арақашықтық бірдей болады.
Мысалы жоғарыдағы сутегі молекуласындағы, екі сутегі ядроларының ортақ электрон бұлтшасы, екі ядродан да бірдей арақашықтықта орналасқан:
Коваленттік полюсті байланыс
Электртерістігі әртүрлі екі атомның сыртқы валенттік электрондары ортақ жұпты құрса, ортақ электрон жұбы, бұнда, электртерістігі басым атомның ядросына тартылады. Бұндай байланыс коваленттік полюсті байланыс деп аталады.
Хлор мен сутегі атомдарының сыртқы валенттік электрондары бірігіп, хлорсутекті құрайды:
H2 + Cl2 = 2HCl
Сутегіде бір сыртқы валенттік электроны бар, ал хлорда жеті сыртқы валенттік электроны бар:
Хлордың электртерістігі сутегінің электртерістігінен басым, соңдықтан ортақ электрон жұбы хлордың ядросына жақынырақ, ал сутегінің ядросынан алысырақ орналасады.
Осы молекуланың сутегі атомы орналасқан жағы оң зарядталады, себебі ортақ электрон жұбы хлорға жақынырақ орналасқан, ал хлор атомы орналасқан жағы теріс зарядталады.
Жалпы бұл барлық коваленттік полюсті байланысы бар молекулаларға орынды. Барлық коваленттік полюсті байланысы бар молекулалардың бір жағы оң, ал бір жағы теріс зарядталады.
Полюссіз және полюсті коваленттік байланыс дегені осы.
Балалар маған миллион коммент жазады. Мынау қандай байланыс? Анау қандай байланыс? Жауабын айтып берінізші деп. Солардың жауаптарын төменде қараңыз. Кім біледі? Мүмкін сіз іздеген қосылыстар да бар шығар. Жалпы химиялық байланыстарға қатысты мынандай қорытынды бар:
- металдар арасында металдық байланыс орнайды. Мысалы Fe, Al, K, Mg сияқты заттарда металдық байланыс бар. Сондықтан метал ғана қосылыстар бар болса ол металдық деп айтындар.
- метал мен бейметал арасында иондық байланыс орнайды. Мысалы NaCl. Натрий метал ал хлор бейметал.
- бейметалдар арасында ковалентті байланыс орнайды. Мысалы H2O. Сутегі мен отттегі бейметал. Оның ішінде екі бірдей зат болса. Мысалы H2 ол полюссіз болады. Әрқилы заттар болса полюсті болады. Мысалы су полюсті.
Түсінбесеңіз маған жаза беріңіз.
Пән: Химия
Комменттер
Коваленттік полюссіз байланыс бұл электртерістігі бірдей заттар арасында құралады. Мысалы екі бірдей атомнан құралған газдар арасында - Cl2, N2, O2. Жалпы бұндай байланыс көбінесе жай, метал емес заттарда кездеседі.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
CuCl2 PCl5 Cl2. AlCl3. HOCl. KCIO. KCl кандац химиляк бацланыс турлеринее жатады
Жауап беру | Өзгерту | Жою
CuCl2 - ковалентті полюсті байланыс, PCl2 - ковалентті полюсті байланыс, Cl2 - коваленттік полюссіз байланыс, AlCl3 - ковалентті полюсті байланыс, HOCl - ковалентті полюсті байланыс, KCIO3 - ковалентті полюсті байланыс, KCl - ковалентті полюсті байланыс.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
1.Ag, Fe,Na
2.Kf, MgO, CsCl
3.Br2, N2, O2
??? Типтері кандай болады?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
1 металдар, сондықтан металдық байланыс. 2 полюсті байланыс. 3 бұл коваленттік полюссіз байланыс.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
N2, CO, O2, Hcl, Na2s, Na, So2, Fe, Si, CaO қандай химиялық байланыс түрлеріне жатады?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
N2 - ковалентті полюссіз байланыс, CO ковалентті полюсті, O2 - ковалентті полюссіз, HCl - ковалентті полюсті, Na2S - ковалентті полюсті, Na - металдық, SO2 - ковалентті полюсті, Fe - металдық, Si ковалентті полюссіз, CaO - ковалентті полюсті
Жауап беру | Өзгерту | Жою
МӘТІНІ
Берілген қосылыстардың арасындағы химиялық байланыс түрлерін анықтаңыз: CI2 , CO2, O2, HCl, Na2S, NO2 ,Br2 , FeCI2, NH3, СаО, KBr,
Иондық байланыс: _______________________
Ковалентті полюсті байланыс:___________________
Ковалентті полюссіз байланыс:_______________________
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Иондық байланыс: FeCI2, СаО, Na2S
Ковалентті полюсті байланыс, бұл үшін электртерістігі сабағын қараңыз: HCl, CO2, NO2, NH3, KBr
Ковалентті полюссіз байланыс: O2, CI2, Br2
Жауап беру | Өзгерту | Жою
F2,NaF, Ca3N2,ZnO, Al, H2 химиялық байланыс түрін айтасызба?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
F2, H2 ковалентті полюссіз байланыс. Себебі бұнда электр терістігі бірдей атомдар байланысқан, F2 екі фтор атомы, H2 екі сутегі атомы. Al металдық байланыс, себебі Al, алюминий металы. NaF, Ca3N2,ZnO ковалентті полюсті байланыс себебі бұндай электртерістігі әрқилы атомдар бар.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Ковалентті полюсті байланыс KF молекуласында орын тепкен. Себебі екі түрлі атомнан құрылған.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
NaBr. CaI2. OF2. Cl2O. CCl4. HF Байланыс түрін табу ковалентті (полюсті,полюссіз)?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
NaBr. CaCI2. OF2. Cl2O. CCl4. HF.
Na электртерістігі 0,9 ал Br атомының электртерістігі 2,8 демек NaBr-да полюсті коваленттік байланыс.
Ca 1 ал CI 3, демек CaCI2 ковалентті полюсті байланыс, себебі бұндай атомдардың электртерістігі әрқилы.
OF2 коваленттік полюсті. Cl2O коваленттік полюсті. CCl4 коваленттік полюсті. HF коваленттік полюсті.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
H2S коваленттік полюсті байланыс, себебі бұнда екі түрлі атом бар. Олардың электртерістігі әрқилы. I2 коваленттік полюссіз байланыс, себебі бұл жерде екі бірдей атом тұр, олардың электртерістігі бірдей. PH3 ковалентті полюсті байланыс. Неге?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсыз ба коваленттік тузылу жолын жазыңыз.H2S,
N2,F2,PCI3 осыған көмек берыныші пжжж
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
H2S полюсті коваленттік, себебі атомдардың электртерістігі бір, N2 полюссіз коваленттік, себебі екі бірдей атомнан, яғни электртерістігі бірдей атомдардан құралған, F2 - полюссіз коваленттік, бұл да екі бірдей атомнан құралған, PCI3 - полюсті коваленттік, себебі екі түрлі атомнан құралған.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
No,HF,O2,Co2,Nh4,Ci2,FeCi3,LiCi,KBr,Cao,ZnO,AlBr3,Nh3,C6H6 ,psi3, иондық немесе ковалентті полюсты/полюссыз?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
NO - полюсті, HF -полюсті, O2 - полюссіз, CO2 - полюсті, NH4 - полюсті, CI2 - полюссіз, FeCl3 - иондық, LiCl - иондық, KBr - иондық, CaO - полюсті, ZnO - полюсті, AlBr3 - иондық, NH3 - полюсті, C6H6 - полюсті, PSi3 - полюсті
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Fe,F²,HCl,CH⁴,NACl,C²H⁴,Cl²,Al,H²O,K,I²O,H²,KCl осыларды полюсті, полюссіз, иондық байланыс жіктеу
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Ассалаумағалеукум!
Fe металдық байланыс, F² ковалентті полюссіз байланыс, HCl ковалентті полюсті байланыс, CH⁴ ковалентті полюсті байланыс, NACl ковалентті полюсті байланыс, C²H⁴ ковалентті полюсті байланыс, Cl² ковалентті полюссіз байланыс, Al металдық байланыс, H²O ковалентті полюсті байланыс, K металдық байланыс, I²O ковалентті полюсті, H² ковалентті полюссіз байланыс, KCl ковалентті полюсті байланыс.
Метал мен бейметал арасында иондық байланыс түзіледі. Екі бейметал арасында ковалентті. Ал метал ғана болса металдық байланыс орнайды.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сәлеметсіз бе! Можно ответ на этот вопрос. Ковалентті байланысы бар заттардың кристалдық торы қандай болады?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сәлеметсізбе!
Молекулярлы не атомдық. Кристалдық тор сабағын қараңыз. Мысалы кремний мен алмас атомдық кристалдық торға жатады. Олардың түйіндерінде атомдар орналасады. Ал молекулярлы торға I2 жатқыза аламыз. Оның түйіндерінде иод молекулалары орналасқан.
Здравствуйте!
Вещества с ковалентной связью имеют кристалическую решетку атомную или молекулярную. Атомная кристалическая решетка это когда в узлах стоят атомы. А в молекулярной стоят молекулы.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Магн полюссіз қандай элементтер полюстіге кандай элементтер жататынын айта аласыз ба
Hanzo. Kz
Жауап беру | Өзгерту | Жою