×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сутек элементі. Сутегі газы

Создание интернет магазина

Сутек ең жеңіл химиялық элемент, оның салыстырмалы атомдық массасы - 1,008. Сутегінің химиялық таңбасы H (латынша атауы hydrogenium сөзінен алынды) бұл газ күйіндегі зат.

Барлық жай газдар екі атомнан құралатының білесіндер, сутегі газы да сондай - H2.

Сутегінің таралуы

Сутегі әлемде ең көп тараған химиялық элемент. Мысалы Күн жүйесіндегі бұл элементтің үлесі 92%.

Ал Жер планетасында бұның массалық үлесі небәрі 1%. Бірақ бұл элемент өте жеңіл болғандықтан, массаның 1%, Жердегі барлық атомдардың санының 10% құрайды.

Сутегінің ашылуы

Сутегіні 1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавендиш ашты, кейін француз ғалымы А. Лавуазье бұл заттың жай зат екеінің аңықтап оған латын тілінде hydrogenium (қазақша "су тудырушы" деген мағына береді) деген атау берді.

Сутекті алу жолдары

Сутегіні алудың бір жолы суды оттегі мен сутегіге ыдырату:

2H2O = 2H2 + O2

Бұл реакция электр тоғының көмегімен жүзеге асады:

Сутекті алу

Сутекті алудың тағы бір жолы бұл тұз қышқылы мен цинктің химиялық реакциясы:

Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2

Белсенді металдарды қышқылмен араластырғанда сутек бөлінеді, бұның схемасы:

белсенді металл + қышқыл = тұз + сутек газы

Және де белсенді металдар мен су реакцияға түскенде де сутек бөлінеді, мысалы натрий мен судың химиялық реакциясын жазайық:

2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

Бұндай реакциялардың жалпы схемасы:

белсенді металл + су = металл гидроксиді + сутек газы

Сутектің физикалық қасиеттері

Сутек газ күйіндегі зат, бірақ бұл газды -2530 С градусқа дейін салқындатсақ, сутек сұйыққа айналады. Сутек суда нашар ериді, 100 көлем суда 2 көлем сутек ериді. Сутектің иісі де, түсі де жоқ.

Сутек өте жеңіл газ, мысалы ауадан 14,5 есе жеңіл. Сутектің тығыздығы 0,089 г/л. Соңдықтан сутегімен толтырылған шарлар ауада жоғары қарай ұшады:

Сутегі толған шар

Атмосфера құбылыстарың зерттеуге арналған құрылғыларды (температураны өлшеу үшін, қысымды өлшеу үшін,...), жоғарғы ауа қабаттарына сутегі толған осындай шарлар арқылы жеткізеді.

Сутектің химиялық қасиеттері

Сутек оттегіде жаңғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді:

2H2 + O2 = 2H2O + 572 кДж

Соңдықтан бұны ғарышқа ұшатын ракеталарда пайдаланады. Бірақ сутекті алу тым қымбатқа түсетіндіктен, сутегі күнделікті өмірде көліктерге арналған жанармай ретінде кең қолданылмай тұр. Қолданса барлық көліктер бірден экологиялық таза болар еді, өйткені сутегі жаңғанда су ғана түзіледі.

Сутек күкіртпен әрекеттеседі:

H2 + S = H2S

Пайда болған зат күкіртсутек деп аталады, бұл газ күйіндегі зат, мұнаймен бірге кездесетін зат.

Ал жалпы сутек бейметаллдармен әрекеттесіп газдарды, ал металлдармен әрекеттесіп гидридттерді түзеді. Мысалы натрий металымен әрекеттесуі:

2Na + H2 = 2NaH

Пән: Химия