×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жалайырлар, Жамұқа гурхан, Қадырғали Жалаири

Создание интернет магазина

Жалайырлар сонау көне заманда кейбір түркі текті тайпалар сияқты Монғолия даласында мекен еткен. Мысалы керейлер мен наймандар да бұл жерде мекендеген. Бұлар Түрік қағанатының құрамына енген.

Жамұқа гурхан

Жамұқа жалайырлар мен өзге тайпаларды біріктіріп хандық құрады, ал өзін гурхан деп атай бастайды. Бұның басты себебі монғолдық Шыңғысханға төтеп беру, күресу.

Бірақ жеңіледі де жалайырлар Шыңғысхан әскеріне қосылады. Шыңғысхан әскерлерінде бұған дейін де жалайырлар бар еді, мысалы Қытайды монғол әскерін басқарып бағындырған Мұқали жалайыр еді.

Жалайырлар 13-14 ғасырларда батысқа көшті. Қазақстан мен Орта Азия елдеріне. Түркі тілді бауырларының жеріне.

Қадырғали Жалаири

Қазақтың тұнғыш тарихшысы Қадырғали Жалаири осы жалайыр руынан еді. Бұл ғұлама 16 ғасыр ортасы мен 17 ғасырдың басында өмір сүрген. Сібір ноғайларымен бірге орыс әскерлеріне Сібір хандығы жерінде тұтқынға түседі де Мәскеуге жіберіледі. Мәскеуде орыс патшасы Борис Годуновқа қызмет етеді. Және сол жерде ғылыми еңбектер жазады.

Атақты еңбегі "Жамиғ Ат-Тауарих", осы еңбекте қазақтар мен көрші елдердің тарихи баяндалады. Бұл еңбек Борис Годуновқа арналады, себебі жазған жері Орыс мемлекеті еді.

Бұл еңбекті Шоқан, Марғұлан сияқты ғұламалар пайдаланған. Себебі осы еңбекте ортағасырлық қазақтар жайлы көп деректер бар.

Пән: Тарих