Қысым деген не? Қысым формуласы
Қысым деген не? Осы сабақта қысым ұғымы және қысым формуласы келтіріледі.
Қар үстіне етік киіп бассаңыз аяғыңыз батып кетеді. Бірақ шаңғы киіп тұрсаңыз қар үстінде тұра аласыз, батпайсыз. Не себептен? Себебі шаңғының ауданы адамның етігінің ауданынан үлкенірек болады да, бар салмақ үлкен аумаққа түседі.
Киімінізді тіккенде ине киімді оңай тесіп өтеді. Не себептен? Себебі ине ұшының ауданы аз болғандықтан сіздің қолыңыздың бар күші аз аумаққа әсер етеді де ине киімді оңай тесіп өтеді.
Қысым формуласы
Қысым денеге әсер ететін күш мөлшерінің, күш әсер ететін аумақтың ауданының қатынасына тең шама:
p = F/S,
мұндағы p - қысым, F - бетке перпендикуляр бағытта әсер ететін күш, S - әсерлесуі ауданы.
Қысымның өлшем бірлігі паскаль. Бір паскаль бір ньютон/м2 тең. Паскаль Блез - қысым ұғымын көп зерттеген көрнекті француз ғалымы.
Физикада гектапаскаль - жүз паскаль, килопаскаль - бір мың паскаль, мегапаскаль - миллион паскаль сияқты өлшем бірліктер де қолданылады.
Пән: Физика
Комменттер
Сәлеметсізбе!
Бірінші есеп. Күш F = 9 мкН (9 мкН = 9*10-6 Н) пен аудан S = 3*10-12 см2 (3*10-12 см2 = 3*10-16 м2) белгілі. Демек жоғарыдағы формулаға сай:
p = F/S = 9*10-6/3*10-16 = 3*1010 Паскаль
Екінші есеп. Масса белгілі, демек ауырлық күшін де таба аламыз. Ал аудан белгісіз. Жоғарыдағы формулаға сай:
p = F/S
F = mg
S = 2*a*b (a шаңғының ұзындығы, b-еңі. Екі шаңғы болған соң 2 көбейтеміз)
p = F/S = mg/2ab
p = 45*9,8/2*1,5*0,1 = 33,075 паскаль
Шаңғысыз тұрған баланың түсіретін қысымы:
p = F/S
F = mg
p = mg/S
p = 45*9,8/2,14*10-2 = 20,6*104 Паскаль
Үшінші есеп. Аудан мен қысым белгілі. Күшті табу үшін:
p = F/S
F = pS
F = 108 * 5*10-7 = 50 Ньютон.
Төртінші сұрақ. Рельстерді жерге батып кетпес үшін шпал үстіне салады. Әйтпесе ауыр поезд жерге батып кетеді.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сәлеметсіз бе!Мына есептерді шығаруға көмектесе аласыз ба?
Жауап беру | Өзгерту | Жою