Жақшаны ашу ережесі, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Жақшаны ашқанда бірінші көбейту және бөлу амалдары орындалады, кейін қосу және алу амалдары орындалады.
Мысалы мына жақшаны ашайық:
2*(x - 5) + 4
2*(x - 5) + 4 = 2*x + 2*(-5) + 4 (көбейту қосудан басым)
2*(x - 5) + 4 = 2x - 2*5 + 4
2*(x - 5) + 4 = 2x - 10 + 4 (енді азайта аламыз)
2*(x - 5) + 4 = 2x - 6
Жақшаны ашуға арналған есептер
Жақшаны ашу ережесін пайдалана отырып мына жақшаларды ашыңыз:
1) 3*(x - 2) + 2
2) (x - 1)(x + 4)
3) (2y - 3)(3 - 5y)
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Кейде жақшаны ашуға қарама-қарсы амалды, жақшаға алуды орындау кажет болады. Мысалы ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару тәсілін көрсетейік:
2x + 7xy = x(2 + 7y)
Бұл мысалда x ортақ көбейткіш еді, себебі бұл 2x-те де, 7xy-те де болған еді.
Ал мына мысалда ортақ көбейткіш 5 тең:
5a - 15b
5a - 15b = 5a - 5*3b
5a - 15b = 5(a - 3b)
Мына өрнектің ортақ көбейткішін жақша сыртына шығарыңыз:
7a + 21b
Ал мынаның ортақ көбейткішін таба аласыз ба:
9x - 12b - 54?
Пән: Алгебра