Бірқалыпты қозғалыс, бірқалыпты емес қозғалыс
Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз дененің бірдей уақыт аралықтарында бірдей арақашықтық жүруі. Мысалы жеңіл көлік автострадада сағатына 60 километр жол жүріп тұрса, онда екі сағатта 120 км, үш сағатта 180 км, төрт сағатта 240 км жол жүреді. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз осы. Дене бірдей уақыт аралықтарында бірдей арақашықтықты өтеді.
Табиғаттағы бірқалыпты қозғалыс мысалына жарық жылдамдығын келтіре аламыз. Жарық жылдамдығы ғарыштағы бос кеңістікте жуықтап алғанда бір секундта 300 000 км арақашықтықты өтеді. Бұл қозғалыс бірқалыпты, тұрақты.
Немесе кейбір адамдардың жүрісі бірқалыпты болады, асықпай біртіндеп жүретін қарт адамдар бұған мысал бола алады.
Бірқалыпты емес қозғалыс
Дененің бірқалыпты емес қозғалысы дегеніміз дененің бірдей уақыт аралықтарында әртүрлі арақашықтықтың өтілуі. Мысалы қаладағы көліктердің қозғалысы бірқалыпты емес. Бағдаршамда жасыл жанса көліктер шапшаң қозғалады, бағдаршамда қызыл жанса тоқтайды.
Немесе сіздің дене шынықтыру сабақтарындағы жүгіруіңіз бірқалыпты емес. Жаттықтырушы футбол аланың 5 рет айналып шығыңыз десе. Бастапқыда тез жүгіресіз, соңында күшіңіз біте бастағаннан кейін бәсендей бересіз, тіпті қозғала алмайтын уақыттарыңыз да болған шығар. Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз осы.
Пән: Физика