Салыстырмалы атомдық масса
Атомдар мен молекулалардың массалары тым аз болғандықтан, химияда осындай салмақтарды белгілейтің арнайы шама - массаның атомдық бірлігі (м.а.б) бар, бұл көміртегі атомының массасының 1/12 бөлігіне тең (1,66.10-27 кг) шама. Бұл өте кішкентай шама.
Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз атом массасының 1 м.а.б-нен неше рет үлкендігін көрсететін сан. Бұны Ar деп белгілейді.
Көміртегі атомының салыстырмалы атомдық массасы 12 м.а.б-ге тең, ал сутегінің 1 м.а.б-ге тең.
Басқалай айтсақ салыстырмалы атомдық масса, атомның массасының көміртегі массасының 1/12 бөлігінен неше рет үлкендігін көрсететін сан.
Химиялық элементтер атомдарының салыстырмалы атомдық массалары Менделлеевтің кестесінде көрсетілген:
Не себепті бұлар бөлшек сан боп тұр?
Менделеевтің кестесінде, көміртегінің салмағы 12,011 м.а.б деп көрсетіліп тұр, м.а.б анықтамасы бойынша көміртегінің массасы 12 м.а.б тең болуы керек қой! Неге бұл сан бөлшек боп тұр? Бұның себебі, изотоптарда.
Табиғатта көміртегі атомының екі тұрақты түрі бар, бұлардың салмақтары 12 (жерде бар көміртегі атомдарының 99% осыған тиесілі) және 13 м.а.б тең. Осы изотоптардың орташа салмағы (жердегі үлесін ескере отырып) 12*0,99+13*0,01 = 12.01.
Пән: Химия
Комменттер
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Табиғатта кездесетін хлор атомдарының 75 %-ы 35Cl изотоптан және 25 %-ы 37Cl изотоптан тұрады.Осы шамаларды ескеріп,оның орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Салыстырмалы атомдық массалары төмендегідей болатын элементтерді атап таңбасын жаз:45,207,56,32,14,24
Жауап беру | Өзгерту | Жою
45 - скандий,207 - қорғасын, 56 - темір, 32 - күкірт, 14 - азот, 24 - магний
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Салыстырмалы атомдық масса период бойынша содан оңға қарай жүрсе өзгередіме?Қалай,
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Изотоптардың мольдік үлесі 24mg,25 mg жəне 26 mg болады, демек олардың таралуы 79:7, 9,8 жəне 10,5%.
Магнийдің орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Табиғатта бордың екі тұрақты изотопы белгілі. Табиғатта бордың оныншы изотопының 20%-ы, ал он бірінші изотопының 80%-ы тараған. Бордың орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз. Жауабыңызды үтірден кейін жүздік санға дейінгі дәлдікпен көрсетіңіз.Осын шығырып беріңізші түсіне алмай қойдым алдын ала рахмет!
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Бұның шешімі оңай.
(10*20 + 11*80)/100 = (200 + 880)/100 = 10880/100 = 10,88
Жауабы: Бордың орташа салыстырмалы атомдық массасы 10,88 м.а.б
Яғни, бордың бірінші изотопының массасын (10 м.а.б) оның табиғаттағы үлесіне (20%) көбейтеміз одан кейін екінші изотоптың массасын (11 м.а.б) оның үлесіне (80%) көбейтеміз де екеуін қосып 100 (80+20 = 100) бөлеміз.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Магний атомының орташа салыстырмалы атомдық массасы қандай?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жоғарыдағы суретте 24.3 деп жазылған. Магнийдің үш тұрақты изотопы табиғатта бар. Салмағы 24, 25, 26 болатын изотоптардың табиғаттағы үлесі - 78,6%, 10,1% және 11,3%.
Осылардың орташа массасы:
(78,6*24 + 10,1*25 + 11,3*26)/100 = 24.3
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсыз ба?
Маған элементтердің барлық салыстырмалы атомдық массасы керек еді
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Табиғатта азоттың екі тұрақты изатобы кездеседі 14N, 15N . Азоттығ салыстырмалы атомдық массасы 14,00643 екенін ескеріп әрбір изатоптың табиғаттағы үлесін табыңыз.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Табиғатта азоттың екі тұрақты изатобы кездеседі 14N, 15N . Азоттығ салыстырмалы атомдық массасы 14,00643 екенін ескеріп әрбір изатоптың табиғаттағы үлесін табыңыз.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Бірінші изотоптың табиғаттағы үлесін x, ал екінші изотоптың табиғаттағы үлесін y деп белгілейік. Сонда мынандай теңдеу аламыз:
(14*x + 15*y)/100 = 14,00643
Оған қоса екі изотоп қана бар болғандықтан олардың үлесі жүз пайызға тең болады:
x + y = 100
Осыдан:
y = 100 - x
Енді бұны жоғарыдағы теңдеу қоямыз:
(14*x + 15*y)/100 = 14,00643
y = 100 - x
(14x + 15(100 - x))/100 = 14,00643
14x + 15(100-x) = 1400,643
14x + 1500 - 15x = 1400,643
1500-1400,643 = x
x = 99,357
y = 100-99,357
y = 0,643
Сонымен бірінші изотоптың (азот 14) үлесі 99,357% ал екінші изотоптың (азот 15) үлесі 0,643%.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Химиялық элементтерді олардың салыстырмалы атомдық массасымен сәйкестіріндер
Азот
Хлор
Темір
55,847
14.0067
35, 463
Өтініш көмектесіңіздерші
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Ассалаумағалеукум!
Сіз Менделеев кестесін қараңыз. Ол жерде азот 14. Хлор 35 ал темір боп көрсетілген:
Кестедегі бір ұяшықта былай жазылып тұр:
N
Азот
14,007
Онысы N азоттың белгісі және 14,007 дегені оның салыстырмалы атомдық массасы.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Максат Абуов
Жауап беру | Өзгерту | Жою