×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жамбыл Жабаев

Создание интернет магазина

Өмірі. Жамбыл Жабаевтың ақындығы табанда суырып салып, өлең-жыр туғызумен ерекшеленеді. Кеңестік кезеңдегі ең көрнекті айтыс ақыны. Ақын қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы көшпелі кедей отбасында дүниеге келеді. Оның сауаты болмағанымен, үлкен өмір мектебінен өтеді, сол кездегі тұрғылас ақын-жыраулармен айтысып шыңдалады. Мәселен, ол төңкеріске дейінгі кезеңде Шашубай, Досмағанбет, Құлтума,Құлмамбет, Майкөт, Бөлтірік, Сарбас сынды айтыс ақындарымен сөз сайысына түсіп, үлкен мектептен өтеді. Қазақ, қырғызға кеңінен танылады. Оның өлең-жырлары төкпе ақындықтың көрнекі үлгілерінен саналады.

Шығармашылығы. Жамбыл көптеген өлең-жырлардан, айтыстарынан бөлек, ел аузында кеңінен жарланып келген "Шаһнама", "Көрұғлы", "Қыз Жібек", "Мұңлық - Зарлық", "Ерназар - Бекет" бүгінгі заманға жеткізіп, қағазға түсіртті. Сондай ақ өзі де "Сұраншы батыр", "Саурық батыр", "Өтеген батыр" сынды кең пафосты, батырлық жыр-дастандарын дүниеге әкелді.

Мәселен, "Сұраншы батыр" дастанында  Сұраншы халық батырының Жетісу өлкесін қоқандық басқыншылардан азат ету ерлік жорықтарын эпостық екпінмен жырлап береді. Батыр үш жүздей ақ сарбазымен Қоқанның он мыңдаған әскеріне бөрідей шауып, оларды қойдай дүрліктірген ерлігін паш етеді. Ал "Өтеген батыр" дастанында Өтеген батырдың  елі армандаған Жерұйықты іздеп, ел-жер кезген жорығын жырлайды. Ақыры ешбір жер ұнамай, еліне қайтқан батырдың отаншылдық, елге қамқор бейнесін шеберлікпен сомдайды.

Пән: Қазақ әдебиеті