Репатриация деген не? Оралмандар - еліне қайтқандар
Репатриация деген не? Репатриация дегеніміз халықтың өз еліне, жеріне қайтуы. Мысалы 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Қазақстан аумағында мекен еткен немістердің біразы, Германияға көшіп кеткен. Бұл репатриация, яғни атамекенге қайта оралу.
Ғылым тілінде еліне қайтқан бұндай адамды репатриант деп атайды. Қазақша атауы оралман. Тағы бір жаңа атауы - қандас.
Оралмандар
1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, шет елде жүрген қазақтар бабалар жеріне қайта бастады. Шет елде жүрген қазақтардың басым бөлігі, көршілес - Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия сияқты елдерде мекендейді. Және Түркия, Ауғанстан сияқты елдерде біраз қазақтар мекендейді.
Қазақтардың өзге елдерге көшуі жиырмасыншы ғасырдың 20-30 жылдары болған еді. Осы жылдарда Қазақстан аумағында аштық, репрессиялар, коллективизация болған еді.
Қазақстан Республикасы, шет елде жүрген қандастарымыздың Отанға келіп көшуіне біраз жағдай жасаған. Мысалы төлқұжаттарды рәсімдеу, үй алу, жұмыс табу сияқты мәселелерде.
Пән: География