Ыбырай Алтынсарин Қазақстанның негізін қалаған ғұлама. Ыбырай революциясы
Оң тоғызыншы ғасырдың отызыншы-қырықыншы жылдары дана Кеңесары хан ақ патшаның әскерін талқандап қазақ жерін азат етті. Ақ патша салған қамалдарды қиратып елге бостандық сыйлап. Қазақ хандығын қайта қалпына келтіріп өзі соның ханы атанды. Ол хандыққа үш жүздің біраз жері енген. Әне міне дегенде бүткіл қазақ мойындаған хан бола салар еді.
Бірақ данышпан хан мен оның адал билерінің, ержүрек батырларының билікке келуін қаламаған Абайдың әкесі Құнанбай, Шоқанның әкесі Шыңғыс сияқты ақ патшаға кіріптар болып жүрген байлар қалын әскер жинап Кеңесарыны алғашында Сарыарқадан, одан кейін Жетісудан қуып шықты. Елінен, жерінен айрылған Кеңесары қырғыз жаққа ауып сол жерде мерт болды. Құнанбай болса сол үшін ақ патшадан медаль, сыйлық алды.
Хансыз қалған жерге ақ патша ойран салды. Кіші жүз бен Адайлар жеріндегі көтерілістерді, Сыр бойындағы қалаларды алу жолындағы шайқастарды, Ұзынағаш шайқасы сияқтыларын қоссақ қазақ қаны судай аққан екінші "Ақтабан шұбырынды" шыға салады.
Ыбырай революциясы
Ыбырай жас кезінде Кеңесары сарбаздарымен шайқаста әкесінен айрылса да хан, би, сұлтан дегенді жек көріп кетпеді. Керісінше оның туындыларында дана хандар мен батырлар жиі жырланады.
Ыбырай ақ патшаның елге салған ойраның көріп, елді жаңа жолға салуды жөн көрді. Балаларды оқытуды қолға алып алғашқы мектебін бар жоғы оң тоғыз жасында ашты. Туыс пен ауылдастарынан ақша жиып. Ыбырай қазақ білім мен ғылым арқылы көркейе салатының білген. Соған кәміл сеніп бар күшін, өмірін арнап кетті.
Ыбырай салған мектептерде оқыған жастар не солардан ілім мен білім таныған жастар қазіргі Қазақстанның негізін қалады. Ол екі бөлек топтан тұрады.
Кедейлер тобы
Кедейлер тобына Аманкелді Имановты қолдаған ақын, жазушы мен қоғам қайраткерлерін атаймыз. Оған Әліби Жангелдин, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов және басқаларын.
Алаш орда тобы
Алаш орда партиясына деңі бай болған жастар еңген. Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев және басқаларын.
Осы екі топ қазақ жерінде алғашқы газет, кітап, журнал, университет, театр, опеар дегенді шығарған асыл ғұламалар. Екеуі біріне бірі бәсекелес, кейде қас болса да олардың шыққан жері бір. Ол қазіргі Қазақстанның солтүстік жағы. Яғни Ыбырай ілімі тараған аумақ.
Басқа жерлерде соншама ғұлама осы заманда пайда болмаған. Мысалы Жетісуда Жамбыл сияқты дәстүрлі қазақи ақындар бар болса да Ахмет сияқты ғұламалар аз еді. Біраз уақыттан кейін ғана Ілияс Жансүгіров сияқты ғұламалар пайда болған.
Ыбырай философиясы
Қазақ жазушылары арасында ерекше орынға Ыбырайдың қысқа әңгімелері мен өлеңдерін жатқызуға болады. Солардағы айтылған неше түрлі ойларды қорыта келіп Ыбырайдың философиясын тани аламыз.
Сенім таратқан ақын
Ыбырай десеңіз ең алдымен "Кел балалар оқулық" өлеңі еске алынады. "Кел балалар оқулық" өлеңі десеніз Ыбырай дейміз. Сол өлеңнің бірінші жолы Бір аллаға сиынып деген жолдан басталады. Сиыну, сену.
Өкінішке орай қазақ арасында өзіне, еліне деген сенушілігі жоқ ақындар көбейіп жатыр. Еліне сенбеген ақындар Желтоқсанда жастармен бірге алаңға шықпаған, кешегі "Тұманды Қантар" деп айтылып кеткен ұлт азаттық көтеріліске де шықпады. Өйткені оларда елге деген сенім жоқ. Жүрегін күмән жаулап алған.
Ыбырай болса елім, жерім деп өзі әрекет қылып көп мектеп ашты. Оқулық жазды. Кедей балаларына қамқор болып көбін оқытып ел қатарына қосты.
Еңбекқорлық
Ыбырай ерекше еңбекқор адам еді. Оған куә ол ашқан талай мектеп. Және туындыларындағы насихат. Мысалы "Қыпшақ Сейітқұл" деген әңгімеде кедей ауыл бар бопты. Соның көсемі Сейітқұл елді қалайша ауқатты етем, қалайша ел қатарына қосам деп ойлап Түркістан аумағынан Торғай жеріне көшіп жер жыртып егін екті. Оны күзде жинап артығын көшпелі жұртқа малға айырбастап малды болды.
Егістік көлемін бірте бірте артырып байлы бола қалды. Бұны көрген айналысындағы кедей жұрт оған қосылып, еңбек етіп ел қатарына қосылды. Сейітқұл кедей елге еңбек етіп бай болу жолын көрсетті.
Мейірімді болу
Ыбырай атамыздың "Байұлы" деген әңгімеде біршама ауқатты адамның Байұлы деген баласы бар еді. Сол баланың атсыз жүрген бір кедей баласына қарап жаны ашиды. Оған әкесі сыйға тарқан атын беріп кедей баласын қуантырады.
Оған қоса "Полкан деген ит" әңгімесінде балалар үлкен иттің аяғын тістеген кішкентай итті көріпті. Сол ит ірі, алып болса да кішкентайды қаппайтының байқайды. Демек үлкеннің кішкентайды аяғаның байқайды.
"Мейірімді бала" деген әңгімеде қолы кесілуге тиісті қарақшының қызы қытай патшасына әкемнің орнынан менің қолымды кесіңіз деп жалыныпты. Себебі әкесі қолынан айрылса ол отбасына асыра алмайтыны анық еді. Бұған патша иланып екеуін аман қалдырды.
Пән: Тарих