Кел, балалар, оқылық өлеңі - Ыбырай Алтынсарин
Қазақ халқының ұлы ойшылы, ағартушысы - Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңі қазақ халқының білім беру ісіндегі ұраны сияқты. Бұл өлең жастарды оқуға, білім алуға шақырады.
Өзім де осы өлеңді қатты ұнатам.
Кел, балалар, оқылық
Бір құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
-
Істің болар қайыры,
Бастасаңыз Аллалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
-
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
***
Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың шындықпенен.
Қорек тап бейнеттен де тәңірің жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
-
Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе,
Бір әділ қазынасы кең Патшаңды ізде!
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір тәңіріңнен күдер үзбе!
-
Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай,
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.
-
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа.
Зылиха, Жүсіппенен сұлу өткен,
Тұрмаған ажар ара ажалына.
***
Иманды ер құдайынан ұялады,
Ұялып Иесінен сый алады…
Ренжітпе пенде болсаң бейшараны,
Кәріп көңілі бір сынғақ пияла-ды…
Пән: Қазақ әдебиеті