Қасым-Жомарт саған айтам Нұрсұлтан сен тында. Жаңа Қазақстан 2029 стратегиясы
Өзін тұлпар мен ақалтекеден артық санайтын,
Кәрі болса да жастарға жол беруді қаламайтын,
Есектерге арнаймын осы мақаламды.
Қазақстанда не көп? Стратегия көп. Бірақ өкінішке олар орындалмай жатыр. Сондықтан мен де өзімше бір орындалмайтын стратегия жасап көрдім. Қате көп болса айыпқа бұйырманыз. Бәрібір орындалмайды ғой!
Жаңа Қазақстан 2029 логотипі
Сонау тоқсаныншы жылдарда "Қазақстан 2030" стратегиясы қабылданды. Оның логотипі деп жерде де, көкте де жоқ қанатты барс алынды. Көз тиген ғой!
Жолымыз сәтті болсын деп "Жаңа Қазақстан 2029" стратегиясына мынандай логотип таңдайық:
Олигархтарды қолдау үшін халыққа жер беру керек
"Жаңа Қазақстан 2029" стратегиясының бірінші тармағы байларды қолдауға арналған. Қазақстанда талай тұрғын үй кешендері салынған. Бәрінің бағасы Дубай мен Париждегідей. Бірақ халықта ондай ақша жоқ. Сондықтан жаңа пәтер Жаңа Қазақстанда сатылмай тұр. Демек неше түрлі құрылыс компанияларын уысында ұстап тұрған олигархтар шығынға батып жатыр.
Обал емес пе! Сондықтан оларды қолдау үшін Алматы, Астана сияқты ірі шаһарларда жер беру керек. Сонда баспанасыз жүрген кедей жер алып үй салады. Үйді салып біткеннен кейін не істейді? Қазір ай сайын пәтер ақысын төлеуге арналған ақшасын қайда жұмсайды?
Бизнес ашуға жұмсайды. Шағын дүкен, шаштараз, көлік жөндеу сияқты кәсіпті ауласында ашып ақшалы болады. Демек байып баласына пәтер алады. Солай барша олигархтардың үйлері сатылады.
Тоқсаныншы жылдары жер арзан болғанда солай болды емес пе? Ауылдан келген қалын қазақ жер алып үй соғып байып кетті. Неше түрлі коттедж салды. Кейін ақшалы болған сон баласына қала орталығында пәтер алды.
Азық-түлікті арзандату үшін фермерлерге ақша бермеу керек
Қазір дүкенде бәрі қымбат. Нан да, май да, сүт те. Ал мемлекет болса миллиард доллардық субсидияларды фермерлерге беріп жатыр. Егер тамақ арзандамаса не үшін ақшаны төгіп жатыр? Ол ақшаны зейнеткерлерге бере салу керек қой.
Испаниядан ұшақпен келген мандарин Қазақстанда өсірілген помидордан қымбат болса субсидияның керегі не? Одан гөрі ол ақшаны зейнеткерлерге берейік. Ата мен апаға қамқор болып!
Фермер мемлекеттен субсидия алмаса не істейді? Ол ақша табу үшін Қазақстан нарығына бейімделе бастайды. Бірімен бірі бәсекелесіп ауқат арзандайды.
Банкке көмектесу үшін несиені кешу керек
Жасыратыны жоқ кейбір қайтарылмаған шағын несиелер банктердің мазасын алып отыр. Алу үшін соттасу керек. Ал бұған адвокат, заңгер керек. Кейде банктің заңгерге жұмсайтын ақшасы несие сомасынан артық болады.
Сондықтан, шағын, қайтарылмай жатқан несиелерді банк есебін кешу керек. Банк аз болса да елге игілік жасап көрсін. Рас кейбірі қырсығып қалатыны шығар. Бірақ заңгер, коллектор, сот шығындарын есептесеніз несиені борышкерден күштеп алу несие сомасынан артық боп қалады.
Дамыған елдердің барлығында ондай кредиттерді есептен шығарып елге кешіре салады. Банк осындай кредиттерден құтылса ол басқа жұмысқа көбірек көніл бөле алады.
Пән: Саясат