Қазақстан тарихы қысқаша. Монғол шапқыншылығы болмаған екен
Осыдан бес мың жыл бұрын адам баласына Жер планетасы бір ғажайып, сыры ашылмаған сиқырлы әлем сияқты көрінді. Айдаһар, су перісі, мыстан кемпір, самрұқ құсы сияқтылар ертегі емес ақиқат боп танылды. Адам мекендеген қоныстар бір-бірінен жүздеген, тіпті мыңдаған шақырым жерде болды.
Жерді тану керек еді, жерді білу керек еді. Жаяу жүздеген, тіпті мындаған шақырым жерді менгере алмайсын. Алыс жерлерге жеткізе алатын көлік керек еді. О кезде адам жаяу ғана жүретін. Қазіргідей жол не поезд жоқ.
Ер қанаты ат
Бурабайға жақын жерде орналасқан Ботай қонысында адамзат бес мың жыл бұрын тұнғыш рет атты үйретіп оған мінді. Соның арқасында алыс жерлерге бара ала бастады. Бұған дейін адам қорегін аң аулаумен не жеміс-жидек жинаумен тауып отырған. Аң аулау бәрінің қолынан келе бермейтін іс. Бір өнер емес пе. Ал жеміс-жидек осы жерде аса көп емес. Сарыарқа сізге банан мен ананасқа толы тропиктік джунгли емес.
Жылқы саны аз болғанда оның шөлін қандыратын су, қорек болатын шөп қоныс манында табыла қалатын. Бірақ мал саны көбейген сайын оларға жайылым жер керек еді.
Мындаған жылқыны айдаған ботайлықтарға жайылым жер қажет болды. Кең қонысқа ие болу күні туылды. Сөйтіп алдымен Сарыарқа одан кейін Ертістен бастап сонау Дунайға дейінгі жерлерді көне заманның адамы мал жаятын ірі қоныс деп пайдаланды. Кеше ғана шағын жерде, бір қоныста тұрған адам кең-байтақ жерлерде көше бастады.
Ру мен тайпалар
Адамдар қыруар малды жаю, бағу, қорғау үшін топ-тобымен біріге бастады. Бір атаның балалары бір ауыл боп тұрып руды құрды. Бірнеше ру бірігіп тайпаны құрды. Бірнеше тайпа бірігіп тайпалық одақтарды құрды.
Неше түрлі рулар, неше түрлі тайпалар көшіп жүріп бірінен бірі қыз алып, қыз беріп араласа бастады. Кең байтақ жерлерді мекендейтін көшпелі тайпалар отырықшы халықтарға қарағанда өзара тез араласа бастады.
Қазақ баласы
Ұлы Далада мекендеген неше түрлі рулар, неше түрлі тайпалар қыз алып, қыз беріп біріне бірі жақын, туысқан бола бастады. Қаны ортақ қауымды, халықты құрды. Тарих сахнасында іргелі ел пайда болды. Адамзат тарихында ерлігімен, даналығымен ерекше көзге түскен ұлы қазақ халқы.
Қазақтын көне ертегілері мен жырлары осы заманға сай келеді. Мысалы "Мыстан кемпір" ертегін алайық. Атынан көрініп тұрғандай мысты пайдаланған заманда пайда болған көне ертегі. Мыс пайдаланған заман ғылыми тілде энеолит деп аталады. Яки осы ботайлықтар өмір сүрген заманға сай келеді.
Сақтар
Тарихи деректерде тұнғыш жырланғаны сақтар. Өйткені дәл осы заманда жазу көп пайдалана басталды. Сақ дегеніміз біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта өмір сүрген тайпалардың жалпы, жиынтық атауы. Дай, тигрохауд, массагет, парадайа және басқа сақ тайпаларының атаулары көне грек және парсы жазбаларында бар.
Жат елдің тілінде жазылғандықтан құлаққа біршама оғаш естіледі. Қазақи я түркі атауы басқа болған сияқты. Мысалы кешегі Жамбылды орыстар Джамбул деп атайтын. Жоқ жерде д дыбысын қосып.
Қазақ монғолға ұқсай ма? Қазақ монғол тұқымы ма?
Кеңес Одағы заманында Шыңғысхан монғолдары қазақтың ұлын құл, қызын күң етіп Алтын Орда мемлекетін құрды деп тарихи оқулықтарда жазатын. Олар келіп кешегі қыпшақтар монғолдармен араласып кетіпті делінген.
Бірақ былай деудің еш тарихи негізі жоқ. Осыны жеке жеке етіп тізіп берейік:
- Қазақ арасында монғол тайпаларының аттары жоқ.
- Шежіреде де олар жоқ.
- Монғолдық жер мен су аттары да көп емес.
- Монғолдан қалған қорымдар да жоқ.
- Бір ғана Жошы хан мазары ғана бар. Оның өзі мұсылманша жасалған. Демек Жошы ханмен бірге болғандардың басым бөлігі мұсылман болғаны. Монғолдар аз болды. Әйтпесе өз діні мен дүстүріне сай жерлеуі керек емес пе?
- Монғолдық ел мен халық қазақ даласында жоқ.
- Тарихи деректерде Жошы ұлысы қыпшақтар мен қаңлылар жері делінген.
Әбілхайыр ханның ақ патшаға жазған 1730 жылғы хаты
Кеңес Одағы шыққан тарих оқулықтарында Қазақ хандығының Ресейге қосылуы 1730 жылдан басталады делінген. Осы жылы Кіші Жүздің билеушісі Әбілхайыр хан ақ патшаға қазақты өз мемлекетінің құрамына алыныз деп жазған дейтін.
Шындығында ол жерде екі мемлекеттің арасында әскери одақ құрылсын делінген. Дана ханымыз орыстан ортақ жауға қарсы әскер сұраған. Қазіргі замандағыдай әскери одақ құруды көздеген. Және солай болған да. Мысалы жоңғар әміршілері мен қазақ хандары арасында болған неше түрлі қақтығыстардың барлығында ақ патша қазақ жағында болған.
Қалын әскер шығарып көмектеспесе де дипломатиялық істерде орыс қазақ жағында болған. Мысалы Абылай сұлтан жоңғар елінде тұтқын болғанда оны босат деушілердің қатарында ақ патша да бар еді.
Әбілхайыр хан орысқа бодан болды ма?
Әбілхайыр хан орыс еліне тәуелді, бағынышты болған жоқ. Батыр ханды, ақ патшаның айтқаның екі етпей орындап жатқан сол кездегі башқұрт не еділ қалмағының билеушілерімен шатастырмаңыз. Бір елдің екінші елге тәуелді болуы дегеніміз өзгенің әскері, әкімі, соты, ақшасы екінші елде үстем болғаны.
Ал солай болды ма? Ақ патшаның әскері Кіші жүзде орналасып Әбілхайыр ханға әмір беріп отырды ма? Орыстың судьясы қазақ даласында сот ісін жүргізді ме? Орыстың ақшасы қазақ даласында үстем болды ма? Болған жоқ!
Демек Әбілхайыр ханның орыстан тәуелді болуы деген сөз шындыққа сай келмейді. Тарих оқулықтарында шындыққа сай келмейтін әнгімелер сонау Кеңес Одағынан бері келіп жатыр. Мысалы Германияның өкіметінің ғимараты Рейхстагқа бірінші боп туды тіккен қазақтың Рақымжан Қошқарбаевы және орыстын Григорий Булатовы екен. Бірақ Кеңес Одағы оқулықтарында Сталлиннің нұсқауымен өзі сияқты грузин Кантария деп жазылған екен.
Кенесары Қасымұлының көтерілісі
Кенесары аты алты алашқа мәлім Абылай ханның немересі. Абылайдың қалмақ әйелінен туылған Қасым сұлтанның баласы. Қасым сұлтан ақ патшаның өкіметіне қарсы шыққан, көтеріліс жасаған данқты қолбасшы, көсем.
Уәли хан ұрпағы сияқты орысқа тәуелді болғысы келмеген. Орыс күшіне сүйеніп қазақты тонап бай болғысы келмеді. Мысалы ақ патшаның айтқаның ләм-мим демей орындап отырған Абайдың әкесі Құнанбай, Шоқанның әкесі Шыңғыс сияқты аға сұлтан болғысы келмеді. Олар сияқты еліне қастандық, сатқындық жасағысы келмеді.
Көтеріліс 1837 жылы басталды. Дәлірек айтсақ осы жылы көтерілісті басқару Қасым сұлтанның қолынан Кенесары қолына көшті. Ол қазақтын батырларын өз маңайында шоғырландырып орыс бекіністерін шаба бастады. Патшалық Ресейдегі ең ірі көтеріліс осылай басталды. Оның қасында Пугачев, Разин көтерілістері артта қалды. Орыс тарихшылары Кенесары ақ патшаның ең күшті жауы болды деп жазатын.
Пән: Тарих