×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Орын ауыстыру және жол

Создание интернет магазина

Дене немесе материялық нүкте А нүктеден В нүктеге дейін көк жолмен жетсін:

Орын ауыстыру мен жол

А және В нүктелерін қосатын бағытталған кесінді орын ауыстыру ал дененің өткен траекториясының ұзындығы жол деп аталады.

Орын ауыстыру l әрпімен ал жол S әрпімен белгіленеді.

Орын ауыстыру әрқашанда жолдан кем болады, себебі жол жиі түзу болмайды. Мысалы сіз үйден мектепке дейін барсаңыз бірнеше көшені кезіп өтіп қана мектепке дейін жетесіз. Өткен жолыңыз тіке болмайтын шығар.

Алматы қаласына поезбен келген адам, Алматы-2 вокзалынан Көк базарға дейін барғысы келсе, онда әуелі Абылай хан көшесімен, кейін Мұқағали Мақатаев көшесімен жүреді де Пушкин көшесіне түсіп, Көк базарға жетеді:

Орын ауыстыру мен жол 

Орын ауыстыру суретте тік бағытталған кесінді ал өткен жол бірнеше кесінділердің бірігуінен құралған қисық. Суретте көрініп тұрғандай жол орын ауыстырудан артық боп тұр, себебі адам ғимараттарды орағытып өтеді.

Сонымен орын ауыстыру дегеніміз дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді, ал жол дегеніміз дененің болған жерлерін көрсететің қисық.

Пән: Физика