Алтын Орда
Бір мың жыл бұрын қыпшақтардың бір бөлігі Ертіс пен Еділ аралығында Шығыс Дешті Қыпшақ деген айбынды мемлекетті құрса екінші бөлігі Еділді асып Еуропаға атой салды. Осы хандық тұсында Қазақстан жерінде мекендеген көптеген ру мен тайпалар біріге бастаған. Сөйтіп ортақ тіл мен мәдениет қалыптаса бастады. Қазіргі қазақ тілі қыпшақ тілінің тіке мұрагері, оның жалғасы. Қыпшақ әке болса қазақ оның баласы.
Қазақ даласында сонау көне сақ заманнан (және оған дейінгі) рулар біресе бірігіп, бүткіл әлемге танымал батыр әрі дамыған мемлекеттерді құрса, біресе жеке-жеке хандықтарға бөлініп кете берген. Сақ, қаңлы, үйсін, ғұн, түрік, түргеш, оғыз, қимақ және тағы басқа мемлекеттер сондайдың мысалы бола алады. Бұлардың бәрі біздің ата-бабамыз, біздің мақтанышымыз.
Қыпшақтар жайлы
Қыпшақ дегеннің екі түрлі мағынасы бар. Бірі ру, екіншісі осы ру құрған көне мемлекет. Ру десеніз қазіргі қыпшақтарды атауға болады. Мысалы Сырдағы, Торғайдағы қыпшақтарды. Сондайлардың бірі Ыбырай Алтынсарин, тағы бір батыры Амангелді.
Екінші мағынасы қыпшақ руы құрған мемлекет атауы және оның халқы. Осы көне мемлекетке қыпшақтар ғана емес өзге рулар да енген. Мысалы қаңлы, қимақ, үйсін, найман, керей, арғын, уақ және басқалары. Бұлардың сол кездегі жалпы атауы қыпшақ. Қазір қазақ ал со кезде қыпшақ болған. Яғни қыпшақ дегенді ұлт ретінде қабылдаған.
Осыны есте сақтап жүріндер. Әйтпесе орыс тарихшылары сияқты қателесе аласыз. Олар қазақ жерінде алғашында сақтар мемлекет құрды, одан кейін бұларды жеңіп әрі ығыстырып қаңлылар мен үйсіндер келді, кейін түріктер келді деп жазады. Қысқасы қазақ жеріне біреу қонақ боп келе береді екен. Қай жерден келді? Қалайша пайда болды? Жергілікті жұрт қайда кетті? Солардың пайымдауынша есік ашылса сквозняк сияқты қазақ даласына жаңа көшпенділер атой салып келе қалады екен.
Қата ұғым. Шындығында қазақ даласында сонау көне заманнан мемлекеттер атаулары ғана өзгеріп тұрған да ұлттық құрам аз өзгерген. Мысалы қаңлы руы Сыр бойын сонау көне заманнан бұ күнге дейін мекендейді. Жоқ боп кетпеген. Өзге руларда да осылай. Бұған күә ескі қорымдар, көне жырлар, жер атаулары. Әрбір рудың ата қонысы бұ күнге дейін ұрпақтарының қолында сақталып келеді.
Әлем тарихында ел атауы жиі өзгеріп тұрған. Мысалы 19 ғасырдың басында Кіші жүздің қазақтарын бастап Еділ мен Жайық аралығын қалмақ пен орыстан тартып алып Бөкей өзінің жеке хандығын құрды. Еділ мен Жайық аралығында пайда болған Бөкей хандығының тұрғындарын бір ғасыр бойы бөкейліктер деп атаған. Бөкейліктерді жеке халық деп санаймыз ба?
Қысқасы қай ру билікке қол жетсе, сол рудын атымен мемлекет пен ел атала бастайды. Қаңлылар, үйсіндер, ғұндар (арғындардың ата-бабасы), қыпшақтар мемлекттерін солай түсіну керек.
Қарақытай шапқыншылығы
1125 жылы қытаймен араласқан тегі моңғол қидандар (қарақытайлар) Жетісу мен Орталық Азия жеріне келе бастады. Олардың билеушісі Елюй Даши қарахандықтарға бас иеп жер сұрайды. Сізге мәңгі бағынышты боламыз деп. Көп ұзамай Қарахан мемлекетіндегі алауыздықты пайдаланып қарақытайлар Баласұғынды басып алады. Өзге қалаларды жаулап алуды қолға алады.
Қарақытайлар жергілікті елді әділ жолмен билеп, тәртіп орнатып, сауданы дамытыдың орнына тонауды, қыруды қолға алады. Сөйтіп қарақшылық мемлекетті құрайды. Соңдықтан мемлекеттің негізі берік болмай кешікпей ыдырай бастайды.
Хорезмшах
Ала ад-Дин Мухаммед II 1200-1220 жылдар аралығында әкесінен қалған Орталық Азиядағы алып Хорезм империясын басқарды. Бар күшін өзге елдерді бағындыруға, жаулауға жұмсаған. Елде қатал тәртіп орнатты. Соңдықтан ел арасында оның абырой жоғары болмады. Бір игілігі қарақытайлардың әскерін талқандағаны.
Біресе солтүстіктегі қыпшақтармен, біресе оңтүстіктегі күрдтермен шайқасқан. Бар ақшаны соғысқа жұмсап отырған. Осының салдарынан ел азыды, тозыды. Мұсылман елдері арасында алауыздық күшейді.
Шыңғысхан
1204 жылға қарай қазіргі Монғолия жері түгелімен Шыңғысхан иелігіне өтеді. Барша рулар бұны мойындайды. Моңғолы да, түркілері де. Шыңғысханның мемлекеті әскери негізде құрылған. Және өзге елдерді тонап бай болуды көздеген.
Көп кешікпей Қытайға шабуылдайды. Қытайларды аямай қырады. Себебі кезінде қытай императорлары Монғолия жеріне жойқын соққы жасап отырған. Көшпелі рулар арасында алауыздық туғызып біріне-бірін айдап салған. Көшпелі тайпалардың осындай күресінің нәтижесінде билікке Шыңғысхан келеді де Қытайдың өзін бағындыра бастайды.
1218 жылы Шыңғысхан Хорезмге елшілік жібереді. Мақсаты елді білу, қалалары қандай, қамалдары қандай, неше әскер бар дегендей тыңшылық ету. Бұны түсінген Ала ад-Дин Мухаммед II Отырар билеушісі Қайырханға елшілікті қырып салуды тапсырады. Шыңғысхан өтірік қапаланып Қайырханды беруді талап етеді. Бұған жауап ретінде елшінің басын тағы алынады. Соғыс оты осылай тұтанады.
1219 жылы 200 мыңдық қолмен Шыңғысхан Орта Азияға баса көктеп кіріп елді қыра бастады. Алты ай бойы Отырар жауға намысын бермей шайқасты. Өзге қалалардың көбі бәлендей қарсылық көрсетпеді. Бұл қалалардың әмірлері қашып елді қорғаусыз қалдырды. Ел ұйымдаспай жөнді шайқаса алмады. Хорезмшахтың баласы Жалал-ад-Дин, Темір Мәлік сияқты бірен-сараң батырларды есептемесек әміршілердің көбі жаумен күреспей қашты. Шахтың өзі соларға үлгі боп бірінші қашты.
Шыңғысхан көптеген қалаларды қиратып елді аямай қырды. Сөйтіп 1223 жылға қарай алып Хорезмшах мемлекеті түгелдей жойылды. Кейбір қалалар өз еркімен жауға берілді. Мысалы Самарқант. Сондай қалаларға моңғол әскерлері қоныстанады. Кейін бұлардың ұрпақтары Темірлан мемлекетін құруға ат салысады.
Жошы хан
Жошы әкесі сияқты қатыгез болмаған. Моңғолдар Орта Азияға келмей-ақ ол Сібірдегі тайпаларды күшпен емес, ақылмен бағындырған. Әкесінің әскерінің құрамында болып қалаларды қиратпауға, елді қырмауға ұмтылған. Әкесін сынаған.
Шыңғысхан 1223 жылы Моңғолияға қайтқанда баласы онымен қайтпай қалды. Әкесінен іргесін бөлек құруды көздеп. Кейін моңғол әскері жетпеген қыпшақ даласына қоңыстанып елді ақылмен біріктіре бастады. Ұлытауда ордасын тігіп елге сыйлы билеуші бола қалды. Көп кешікпей бүткіл Шығыс Дешті Қыпшақ хандығы әділ әрі адал ханға бағынды.
Ерекше күшейіп әкесінің бұйрықтарын орындамай кетті. Ә десе мә деп. Тарихшылардың айтуынша әкесі ауырып жатса да оған келмей рахаттанып жүрді. Алғашында Шыңғысхан Жошыға бар жоғы 4 мың әскер берсе Шығыс Дәшті Қыпшақ хандығын біріктіріп Жошы тез күшейді. Сөйтіп Жошы ұлысы орталығы Ұлытау боп құрылды.
"Ақсақ құлан" күйінде Жошы құлан аулаған кезде мерт болыпты делінген. 1227 жылы болған оқиға. Жошы ханды бүткіл ел қастерлеп жерлеген. Осы күнге дейін Ұлытауда Жошы хан мазары бар.
Орда
Жошы хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның үлкен баласы Орда отырады. Екінші баласы Бату әскер басы болып тағайындалады. Әкесінің жері Ордаға бұйырады. Ал Бату болса батыстағы қыпшақтарды біріктіріп өз ордасын сонда құрады. Еділ бойында. Сарай-Бату қаласын тұрғызады.
Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
Жошы хан қайтыс болғаннан кейін оның балалары жеке ұлыстарды басқарады. Орда Шығыс Дешті Қыпшақ даласын (Ақ Орда). Шибан Батыс-Сібір мен Солтүстік Қазақстан жерін (Көк Орда). Ал Бату хан болса Еділдің батыс бөлігіндегі жерлерді (Алтын Орда).
Кейде бүткіл Жошы ұлысын Алтын Орда деп те атай береді. Себебі Орда қайтыс болғаннан кейін Жошы ханның ұрпағы Батуға бағынады. Ол қайтыс болғаннан кейін оның ұрпағына.
Монғолдардың Батыс жорығы
Шыңғысхан өлер алдында мемлекетті төрт ұлысқа, төрт баласына бөліп береді. Жошы, Шағатай, Үгедей және Төлеге. Былайша айтсақ мемлекетті төрт облысқа бөліп қойды.
Орталығы Үгедейге тиесілі Монғолияда орналасқан Қарақорым қаласы. Яқи төрт баласы және олардың ұрпақтары Қарақорымда отырған ханға бағынышты боп қалды.
Шыңғысхан 1227 жылы қайтыс болғаннан кейін таққа оның үшінші баласы Үгедей отырады. Орда мен Бату көкелері Үгедейге бағынышты болды. Жошы ұлысына тиесілі қалалардан алынған салықтың бір бөлігі Қарақорымға жіберіліп отырылды.
1235 жылы барша төре тұқымы (қазақта Шыңғысхан ұрпағын осылай атаған) Монғолиядағы құрылтайға жиналады. Құрылтайда Еуропаға жорықты ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Көп кешікпей батысқа жорық басталады. Бас қолбасшы етіп Субедей мен Бату тағайындалады.
Монғол күштері Еділ бұлғарларын, башқұрттарды, батыс қыпшақтарды бағындырып Руське атой салады. Одан кейін католиктік елдерге дейін де жетеді. Лигницте 1241 жылы неміс пен поляк күштерін талқандайлы.
1242 жылы Үгедей қайтыс болады. Бату хан жорықты бірден аяқтап моңғолдарды өз еліне аттандырады. Көкесі қайтыс болғаннан кейін өзге хандарды мойындаудан бас тартты. Қыпшақтардың мол күшіне ие болған Бату ханға бағынуды қойған. Қарақорымдағы таққа Үгедейдің баласы Күйік хан боп отырса да оның айтқаның орындаудан қалған. Сылтауратып Қарақорым ханының бұйрықтарын орындамауды шығарған.
Бұған ашуланып Күйік барша моңғолдарды жинап қыпшақ ханына қарсы жорыққа аттанады. Яғни Бату ханға қарсы соғыс ашады. Бату хан бар күшін жинап Күйікке қарсы соғысқа емес, Сарыарқадағы елімді көрейін деп шығады. Күйікті тіпті елемей. Бірақ соғыс болмай қалады. Кенеттен Күйік науқастанып мерт болады. Бұдан кейін Қарақорым тағы Батуға тәуелді боп қалады.
Сарай-Бату
Бату хан сауда мен экономиканы дамыту үшін қалаларды салуды жөн көрді. Негізінен Жошы ұлысының хандары сауданың дамуына зор үлес қосқан. Осы заманда талай қалалар мен сауда жолдары қалпына келтірілген. Оған Алтын Орда заманына тиесілі археологиялық дәйектер дәлел.
1250 жылы алып Сарай-Бату қаласы салынды. Бұнда жан-жақтан саудагерлер келіп өз тауарларын сатқан. Мұсылман елдерден келген саудагерлер басым еді. Қала қазіргі Астрахань манында салынған. Яғни сауда жолдары торабында салынған.
Алтын Орданың астанасы болған осы шаһар алып әрі сәнді еді. Сол замандағы ең ірі қалалардың бірі болған. 14 ғасырда осы шаһарда болған Ибн Батутта таң қалған. Әрбір үйде су құбырының болғаны саяхаткерді таң қалдырды. Негізінен су құбыры Еуропа елдерінде 19 және 20 ғасырда пайда болған. Ал түркі елдерінде су құбыры әр үйде болған. Сыр бойындағы қалаларда су құбыры да болған.
Пән: Тарих