Агломерация дегеніміз не?
Агломерация дегеніміз не? Бірнеше елді мекеннің жақын орналасып, бір-бірімен экономикалық, мәдени, транспорттық байланыстары бар елді мекендердің жиынтығын агломерация деп атайды.
Қазақстанда агломерациялар облыс орталықтары мен екі астананың маңайында қалыптасқан. Қазақстандық агломерациялардың ең ірісі - Алматы агломерациясы.
Алматы агломерациясы
Алматы қаласы Қазақстанның онтүстік-шығысында, Жетісуда, орналасқан ірі мегаполис (1 миллионнан астам тұрғыны бар ірі қала мегаполис деп аталады):
Картадан көрініп тұрғандай, Алматы қаласының маңайында көп елді мекендер бар, агломерация дегеніміз осы. Бұл елді мекендердің тұрғындары, қалаға барып - жұмыс істейді, оқиды, тауарларды сатып алады, көлігін жөндейді,... Ал қаладағылардың кейбіреулері керісінше ауылға барып демалады, жұмыс істейді,...
Яғни қалалар бір-бірімен байланысқан.
Агломерацияның ортасында ірі қала болады, бұл қалағы жақын орналасқан ауылдар, қаланың ауданы артқанда, қалаға біртіндеп енеді. Қала біртінде маңайындағы ауылдарды өзіне қосады.
Пән: География