Магнит өрісі деген не? Магнит деген не? Тұрақты магнит
Магнит өрісі деген не? Магнит деген не? Шегеге қабы бар сымды орап оны батареяға қосайық:
Тоқ сым арқылы өткенде шегеге темір саттар жабысып кетеді. Осыны магнит өрісі дейді.
Екі параллель орналасқан өткізгіш арқылы тоқ өткенде олардын арасында әсерлесу күші пайда болады, осыны магнит күштері деп атайды:
Магнит өрісінің екі бағыты бар. Бірі солтүстік (қысқаша N әрпімен, north деген сөзінің алғашқы әрпінен) ал екіншісі оңтүстік (қысқаша S әрпімен белгілейді, south деген сөзінің алғашқы әрпінен) деп аталады:
Тұрақты магнит
Магнит өрісінде болған заттардің кейбірі магнитттік қасиетке ие болады. Бұлар магнит өрісінен ажыратылғаннан кейін де магнитттік қасиетке ие. Осындай заттарды тұрақты магниттер деп атайды. Тұрақты магниттер түбінде магниттік қасиетінен айрылады. Бірақ бұл үшін көптеген жылдар өтуі керек.
Тұрақты магниттерді шаруашылықта кеңінен пайдаланады. Мысалы радиотехникада. Оған қоса қозғалтқыш жасауда.
Пән: Физика