×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қазақ ауыз әдебиеті деген не? Жазба әдебиеті деген не?

Создание интернет магазина

Қазақта ауыз және жазба әдебиеті дегені бар.

Қазақ ауыз әдебиеті деген не?

Ауыз әдебиеті дегеніміз бұл сонау көне заманнан бұ заманға дейін атадан балаға мұра боп ауызша айтылып, сақталып қалған туындылар. Мысалы Майқы бидің мына дана сөзін барша қазақ біледі:

"Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,
төртеу бірге болса - төбедегі келеді."

Ауылдағы аталар мен әжелер бұндай мақал-мәтелдердің жүзін тіпті мының біледі. Бәрі жатқа. Кітаптан оқымай, журналдан қарамай. Кезінде үлкендерден естіп, жаттап бұ күнге дейін жадында сақтап жастарға өнеге болсын деп айтып отырады.

Ауыз әдебиеті бұл даналардан қалған мұра. Себебі халыққа қажет болмағаны тез ұмытылады. Керегі жоқ дүние, мағынасы жоқ өлең, тақпақ тез ұмытылады. Халық өзіне керегін ғана жадында сақтайды. Дәмдісі, майлысы дегендері ғана ел жадында сақталады.

Ауыз әдебиеті туындыларының авторлары өнкей данышпан әрі батыр тұлғалар. Қорқыт ата, Майқы би, Асан Қайғы, Жиренше жырау, Қазтуған, Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Балпық би, Райымбек батыр, Абылай хан, Махамбет, Сүйінбай, Жамбыл және басқалары ел мен жер үшін аянбай еңбек еткен, күрескен, соғысқан даналар. 

Жазба әдебиеті деген не?

Жазба әдебиеті бұл журнал, газет, кітап, сайт беттерінде жарық көрген туындылар жиынтығы. Мысалы ұлы Ыбырайдың "Қырғыз хрестоматиясы" деген оқулығын жазба әдебиеті мұраларына жатқызуға болады. Себебі осы оқулық кітап боп 1879 жылы жарық көрді.

Жазба әдебиеті туындыларын өз ішінен қазақи және еуропалық деп бөле аламыз.

Қазақи жазба әдебиеті

Қазақи жазба әдебиеті туындылары дәстүрлі жыр, дастан, мақал-мәтелдердегі ойларды бойына сіңірген шығармалар. Мысалы Ыбырайдың "Кел балалар оқылық" өлеңі осындай туындыларға жатады. Осы өлеңнің алғашқы жолдарын келтірейік:

Бір құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Істің болар қайыры,
Бастасаңыз Аллалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.

Осы өлеңде жұм, қайғы жоқ. Қазақтың намысына тиетін сөз де жоқ. Керісінше тәрбиелік мол дана сөздер ғана бар. Ықыласпен тоқылық деген жолда көңіл көтеріп оқиық. Осы өлең адамның көңілді болуға, оқуға шақырады. Махамбеттің "Ерулі атқа ер салмай" өлеңіндегідей:

Ерулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
...
Ерлердің ісі бітер ме?!

Махамбет елін сүйетін ер болуға шақырса Ыбырай білімге шақырады. Білім де, батылдық та адамға керек қасиет.

Ыбырай Алтынсарин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүріров, Бауыржан Момыш-ұлы сияқты авторлар қазақи жазба әдебиетіне жататын көптеген туындылар жазды.

Қазақи жазба әдебиетінің ерекшеліктері:

  1. Шығарма тәрбиелік мәнге ие. Жастарға тура жол ұсыну. Нұсқа беру. Ауыз әдебиетінің дәстүрлерін жалғастыру;
  2. Шығарма мұн, қайғыға батпай күреске, әрекет етуге шақырады. Мысалы Бауыржанның кітаптарында соғыс жайлы жазылады. Ал сол кітаптарда достарым мерт болды, мен бақытсыз болдым деп жазылды ма? Мұн қайғыға батты ма? Жоқ, бұны автор жазбады. Оның жазғаны жауды жеңу жолы ғана;
  3. Шығармада шыңшыл дүниелер ғана баяндалады. Бауыржаннан бір оқырман Кубада сұраған еді, сіздің туындыларынызда ойдан шығарған кейіпкер бар ма? Сонда батырымыз жоқ деп жауап қайтарды. Қазақи жазба әдебиеті туындыларында шың дүниелер ғана жазылады. Қиялға орын жоқ;
  4. Және негізінен бұндай туындылардың авторлары көпті көрген, өмірде бәленбай жетістікке жеткен адамдар болған. Жазушылыққа өмірдегі көргенің жазу үшін келген даналар. Мысалы Ыбырай бүткіл Торғай жерін аралап талай мектеп ашты. Былайша айтсақ үлкен бастық еді. Бауыржан соғыста он алты мың сарбазды басқарды. Бейімбет жас жазушыларға жол сілтеп газет бастығы болған. Ілияс жазушылар одағын басқарды...

Қысқасы қазақи жазба әдебиеті бұл жастарға пайдасы мол тиген туындылардан құралған ағым. Даналар сөзі.

Еуропашыл жазба әдебиеті

Еуропашыл жазба әдебиеті дегеніміз кәрі құрлықтың идеологиясының әсерімен құрылған туындылар. Бұнда мұн, қайғы басым. Себебі Еуропаның әдебиеті депрессиялық заманда құрылған. Мысалы Шекспирді алайық. Ромео Джульеттаға ғашық болады. Бірақ қыз бен жігіттің ата-аналары араз болғандықтан қосыла алмай түбінде екі ғашық мерт болады. Гамлет таққа ие болады. Бірақ ел үшін еңбектенбей қайдағы мұнға батып түбінде өледі. Отелло өзінің адал әйелін қызғанып өлтіреді.

Себебі Шекспирдің заманында Англия мен Еуропада өнкей қанышер, жауыздар билік құрған. Жауды жекпе жекке шақырып жеңген Абылай сияқты дана хандар емес, көленкесінен қорқып елге қиянат сыйлаған жауыз корольдер. Олар атақты жазушыларды, ғалымдарды қудалаған не мерт қылған. Мысалы Томас Мордың басы алынған. Ал қалғандары осы заманға дейін қудаланған. Ссылка мен каторгаға жіберілген.

Қазақ әдебиетіне, қазақ халқына бұл тән емес. Жауыз пайда болса оны жеңетін батыр табылып тұрған. Барлық жырлардың тақырыбы осы. Ел тыныштығын алған жауыз пайда болса оны жеңетін батыр табылып тұрған. Ал Еуропаның королдері бұндайға бармады. Олар өзінің қара басының игілігін ойлап елді қинап, қанап отырған. Тиран болған.

Еуропашыл жазба әдебиетінің ерекшеліктері:

  1. Мұн қайғы басым болады. Мұн болмаса да өмірде жолы болмағандар сипатталады. Ғашық болса қосыла алмайды, жұмысын бастаса аяқтай алмайды...
  2. Күресті емес мұн қайғыны жазады.  Күресуді үйретуден гөрі қайғыға батыратын;
  3. Ұятсыз дүниелерге жол беріледі. Мысалы эротикаға жол беріледі. Қалын оқырман осындайды сүйіп оқиды, сүйіп оқығанмен оның тиер пайдасы шамалы болады. Атақты би, жыраудың сөздерінде эротиканы табу қиын. Олар ондайды сөйлемей былшылдап жатпаған. Бес қатын алған адам эротиканың не екенің білген;
  4. Ойдан әнгіме шығару. Ойдан, қиялдан туындаған категориялармен сүруді үгіттеу;
  5. Өмірде жоқ идеалды адам, идеалды әйел, періште сияқты идеалды дүниелерді насихаттау;
  6. Гуманизм идеяларын насихаттау.

Осындай авторлардың бірі және бірегейі Абай. Абай қазақ ақын мен жазушыларына Еуропа әдебиетінің ойлау жүйесін еңгізген адам. Абайдың өлендерінде эротика бар ма? Бар. Ал Бұқар жыраудың өлендерінде ше? Болмаса Махамбеттің өлендерінде эротика бар ма? Жоқ. Ауыз әдебиетіне эротика тән емес. Эротика Еуропа әдебиетіне тән дүние.

Идеалды адам. Идеалды заман. Абай елді түзелуге. "Сөз түзелді, енді ел түзелсін" деп айтқан. Былайша айтсақ идеалды адам болуға шақырды. Бұнысы орындалды ма? Жоқ орындалмады! Адам табиғаты сол, әрбір қала мен ауылда жақсысы да бар, жаманы да бар. Және адам баласы Абай айтты деп жақсы бола қалмайды. Жақсы мен жаманы бар заманда қатар өмір сүрген. Атам қазай айтқандай: "Жамансыз жақсы жоқ!". Абайда мұн, қайғы бар ма? Бар.

Кейінгі ақын мен жазушылардың көбі осы еуропашыл жолды таңдады. Әсіресе Кеңес Одағы заманында бұндайлар көп еді.

Пән: Қазақ әдебиеті