×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қимақ қағанаты, қимақтар

Создание интернет магазина

Алғашында қимақтар Батыс Моңғолия жерінде қоныстанған. Кейін 7 ғасырдың ортасында Алтай таулары мен Ертіс өзені жағалауына көшті. Бұған себеп түркі қағанаттары арасындағы соғыстар.

Қимақ мемлекеті

Қимақ мемлекеті 656 жылы пайда болды. Осы жылы Батыс Түрік қағанатынан бөлініп шықты. Алғашында қимақ билеушісі шад-түтік деген лауазымды алды. Бұның мағынасы билеуші көсем.

Кейін мемлекет кеңейіп, халқы көбейіп, билеушісі қаған деп атала басталды.

8-9 ғасыр аралығында қимақтар Ертіс пен Жоңғар қақпасы аралығында мекендеді. Қарлұқтар бұл уақытта Алтайдан Жетісуға көшіп, жерді бос қалдырды. Дәл осы 8 ғасырдың соңында қимақтарға көп қыпшақ тайпалары бағынған. Шығыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін, ұйғырлардан көп түркі текті тайпалар қашып, осы қимақтарды паналаған.

Кейін, 840 жылы Ұйғыр қағанатың қырғыздар мен қарлұқтар құлатады. Бұл жолы да көп түркі тектес тайпалар қимақтарға барып қосылады.

Қимақ қағанатының пайда болуы

Қимақтар арабтардан да, қытайлардан да біршама алыс орналасқан еді. Сондықтан түргештер, қарлұқтар сияқты көп соғыспады. Тек үйғырлар мен енисей қырғыздармен ғана соғысқан. Алғашында енисей қырғыздарынан шегініп, бірақ кейін күш жинап енисей қырғыздардың тас талқаның шығарған.

Ал жайылым жерлері мен пайдалы қазбалары Алтай мен Шығыс Қазақстанда мол. Бұл қор жинауға, мемлекеттің күшеюіне жақсы жағдай жасады. 9 ғасырдың ортасында қимақтар күш жинап батыстағы жерлерді бағындыра бастады. Алтай мен Ертістен Жайыққа дейінгі жерлерді бағындырды.

Қимақ билеушісі дәл осы жылдары қаған деген лауазымды алды. Қимақ қағаны өз заманындағы ең құдыретті билеушілердің қатарында еді. Қағанның билігі күшті еді.

Қимақ қағанатының астанасы

Араб ғалымы әл-Идриси Қимақ қағанатының астанасы Имақия деген қала болғаның жазады. Бұл қала Ертіс өзені жағалауында орналасқан делінеді. 16 қаланың барын жазады.

Бұл қалаларда көшпелі тұрмысқа қажетті заттар жасалған. Сонымен қатар осы қалалар жаудан қорғану үшін де пайдаланған.

Қимақтар пайдаланған жазу

Қимақтар көне түркілердің жазуын пайдаланған. Себебі қимақтар сол көне түркі әлемінің адамдары еді. Көне түркі әліпбиінде жазылған жазуларды пайдаланған. Бұлардың біразын археологтар тапқан.

Қимақтардың шаруашылығы

Қимақтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Бірақ қаладағы адамдар сан түрлі өнерді меңгерген. Қимақ әскеріне қажетті қару-жарақты, киімді осы қалаларда жасап сатқан.

Қимақ қағанатының құлдырауы

Қимақ қағанатында қимақтардан өзге көп тайпалар мен рулар мекендеген. Қыпшақтар солардың арасынан ең көп тарағаны еді. 10 ғасырдың соңына қарай Қимақ қағанының билігі әлсірей бастады. Жергілікті ақсүйектер жеке билік құрғысы келді.

Осы жағдайды қыпшақтар пайдаланып 11 ғасырдың басында билікті өз қолына алды. Қимақ қағанаты жойылып орнына Қыпшақ хандығы пайда болды. Қимақ қағанаты жойылғанмен, қимақтар жойылып кеткен жоқ! Тек мемлекеттегі билеуші әулет қана өзгерді.

Қыпшақтар қимақтардың жолын жалғастырып, өзге жерлерді өз мемлекетіне қоса бастады.

Пән: Тарих

Комменттер

  Қимақ қағандығы мен Шығыс Қыпшақ хандығы неліктен Қазақ хандығының бастаулары болып табылады?

Балзия Қабылова

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Себебі Қимақ мемлекеті ішінен Қыпшақ хандығы пайда болады. Кейін Қыпшақ хандығын монғолдар жаулап алады. Олар Қыпшақ хандығының негізінде Алтын Орданы құрады. Бұдан Қазақ хандығы бөлініп шығады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

қимақ қағанатының қағандары кім?

Madina Narbaeva

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Қимақ билеушісі алғашында шад-түтік деген лауазымды алды. Бұның мағынасы билеуші көсем. Кейін қаған деген атаққа ие болды. Қимақ қағандары батыл әрі данагөй басшылар еді. Ірі мемлекетті құрған батырлар еді. Бірақ олардың аттары, дүниеге келген жылдары, билік құрған жылдары әзірше белгісіз.

Тіпті қимақ қағанатының астанасы - Имақия қаласының қай жерде болғаны да әзірше беймәлім.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жоғарыда аталған 16 қала жайлы нақты деректер келтіре аласыз ба?

Мұғалім осы 16 қала жайлы сұраған еді.

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Ассалаумағалеукум!

Міне Аль-Идриси салған карта:

Қимақ қағанаты

Хакан, Хакан-Қимақ, Фавараг, Устур, Банджар, Дахра, Гаган, Карантия, Атракан, Дамурня, Сараус, Дахлан, Наджа, Кани, Мустанах және Имакия. Осы атаулар кейбір деректерде өзгеріп тұрады. Мысалы кейде Устур ал кейде Астур деп аталады. Аудармашыға байланысты өзгеріп тұрады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою