Present Perfect ережесі қазақша
Present Perfect ережесі қазақша қазіргі шақтың бір түрін белгілейді. Бұл шақ мына екі жағдайда қолданылады:
1) казіргі мезетке дейін аяқталған іс-әрекеттер болғанда, мысалы I have played - мен ойнадым;
2) не казіргі уақыт аралығын қамтыған период ішінде аяқталған оқиғаларға, мысалы I have finished reading “Hamlet” this week, мен "Гамлет" кітабің осы аптада оқып шықтым. Қашан? Осы аптада, апта бітті ме? Жоқ!
Present Perfect құрылу жолдары
Болымды сөйлем:
I have played | We have played |
You have played | You have played |
He / she / it has played | They have played |
Сұрақ қою:
Have I played? | Have we played? |
Have you played? | Have you played? |
Has he / she / it played? | Have they played? |
Теріске шығару:
I have not played | We have not played |
You have not played | You have not played |
He / she / it has not played | They have not played |
Present Perfect қолдану жолдары
Present Perfect болған оқиғаның өзі ғана маңызға ие, ал оқиға болған уақыт және себептер маңызды болмаған жағдайда:
I have been to London - мен Лондонда болдым. Қашан болдым? Не үшін сол қалаға бардым деген сұрақтар қойылмаған. Оқиға болған уақыт маңызды болса және бұл уақыт аралығы аяқталса Past Simple ережесі қолданылады:
I went to Almaty last year - мен Алматыда өткен жылы болдым.
Оқиға баяғыда басталып, бірақ әлі күнге дейін аяқталмаса:
I’ve studied English since childhood - мен ағылшын тілін балалық шақтан бері үйреніп жатырмын.
Present Perfect ережесі қазақша дегеніміз осы!
Пән: Ағылшын тілі
Комменттер
Жоғарыда жазылғандай Present Perfect бұл қазірге дейін аяқталған оқиғаларға қолданылады. Не қазіргі уақыт аралығын қамтыған периодта аяқталған оқиғаларға. Бұл қазіргі шақ.
Мысалы былай пайдалана аласыз - already played football matches today. Бұл бүгін ойналған футбол матчтары деп аударылады. Басқаларын дəл осылай қолданасыз. Play сөзіне ed қосылды. Бұл жайында жоғарыдағы мысалдарды қараныз.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
-ing adjectives қалай орындалады?
Тез тез айтып жіберіңздерші өтініш срочна керек өтініш
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сәлеметсізбе!
The adjective бұл сөйлем бөлігі және заттын қасиеттін сипаттайды. Мысалы - A cool girl (жақсы қыз). Немесе Poor people (кедей адам). A blue sky (көк аспан). Қандай қыз? Жақсы қыз. Қандай адам? Кедей адам. Қандай аспан? Көк аспан.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
already, just, or yet. қалай қолданылады
Камила
Жауап беру | Өзгерту | Жою