Капитализм деген не? Капиталистік елдер. Капитал деген не?
Капитал деген не? Мысалы қарапайым дүкенді қарастырайық. Осы дүкенде бар шай, май, сүтті сатып дүкен иесі пайда табады. Сүт тұрған сөре де пайда табуға септігін тигізеді. Себебі сүт бұған қойылып сатыпалушыларға көріне бастайды. Дүкен орналасқан ғимарат та пайда табуға септігін тигізеді. Себебі ғимарат болмаса тауарды қай жерде сатады? Сатушы да пайда табуға бар күшін салады. Осының бәрін капитал деп атаймыз.
Осы заттардың көмегімен дүкен иесі пайда табады. Сонымен капитал пайданы табуға септігін тигізетін материалдық, қаржылық және интелектуалдық дүние.
Капитализм деген не? Капитализм ақша, қаржы, пайданы еселеуді көздейтін жүйе. Басты мақсаты ақы табуды үдету, жеңілдету. Капитализм мемлекетте жекеменшік, еркін сауда және тең құқықтардың бар болуына негізделген жүйе.
Капитализмнің дамуына елеулі үлес қосқан ел Ұлыбритания:
Капитализм нарықтық қатынастарға негізделеді. Нарықтық қатынастары бар елде шапшаң даму байқалады. Себебі экномиканың дамуына кедергі жоқ.
Капитализм ақша, қаржыға негізделген. Ақшасы барлар кәсіпкерлікпен айналасу үшін жаңа компанияны ашады. Мысалы дүкен ашады. Экономикаға инвестиция құяды. Кәсібі ойдағыдай пайда, табыс әкелсе оның қаржысы, яғни капиталы есейеді.
Капитализмнің белгілері
Капитализм өзіне тән белгілерге ие. Соларды осы жерде баяндап береміз.
Еркін сауда
Еркін саудасы бар елдердің барлығында дерлік капиталистік қатынастар орнаған. Тауар сатылымына шектеу қоймаса экономика тез дамиды, себебі бәсекелестік артады. Осы себептен әлемде алып экономикалық одақтар құрылады. Мысалы Еуропа одағы немесе Евразия одағы.
Жекеменшік құқығы
Әрбір адам өз үйіне ие болуы керек. Себебі өз үйі болса оны күтіп ұстайды. Пәтер жалдаса оған бәлендей жаны ашымайды. Осы себептен капиталистік елдерде жекеменшіктін бар болуына жағдай жасалған.
Тең құқықтар
Капиталистік экономикалар негізінен демократиялық болады. Бұнда патша мен диктаторлар болмайды. Болса олар елдін дамуын тежейді.
Бай капиталистік елдер
Бай капиталистік елдерге - Англия, Германия, Франция, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Бельгия, Голландия, Швейцария және басқа елдерді жатқызуға болады. Бұнда жалақы, тенгемен есептесек айына екі, үш миллион. Кредиттің пайызы аз, жылына бар жоғы екі пайыздай. Парақорлық, жұмыссыздық төмен болады.
Капиталистік даму
Капиталистік даму жолы қазіргі заманда бәсекеге ие емес. Социализм де, феодализм де одан артта қалады. Кешегі социалистік елдер қандай күйде? Ал Батыс Еуропа елдері ше? Не себептен? Себебі олар капиталистік даму жолын ал біздің аталарымыз социализмді таңдады.
Пән: Экономика