×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Республика деген не? Президенттік, парламенттік республика

Создание интернет магазина

Республика дегеніміз барша елдің құқы тең әрі мемлекет басшылары сайланатын демократиялық мемлекет. Мысалы Франция. Франция басшысы президент болады. Әрі бұл лауазымға әрбір адам жете алады. Төре мен қара сүйек дегені болмайды.

Конституцияда барша жұрт бірдей деп танылады, бәлендей адам не отбасы ерекше құқыққа ие дегенге жол берілмейді. Әйтпесе бұндай мемлекет диктаторлық не монархиялық боп табылады.

Республика басшысы көптеген елдерде бәленбай рет қана сайлана алады. Әдетте екі реттен көп емес. Одан кейін президент кетіп өзгеге жол береді. Үш, төрт, бес рет сайлану дегені болмайды. Кет дегенде, ит те кетеді дегендей абыроймен кетуді де білу керек.

Республикалар парламенттік және президенттік боп екі үлкен топқа бөлінеді. Және кейде жеке боп аралас республикаларды қарастырады.

Парламенттік республика деген не?

Парламенттік республикада елге керекті маңызды мәселелерді депутаттар шешеді. Басымдылық парламентке тиесілі. Әрбір министр парламентке есеп береді. Және оларды тағайындайтын да өзі.

Германия, Ұлыбритания осындай республикалар қатарында. Мысалы Ұлыбритания елінің парламенті мынандай:

Парламенттік республика

Суреттен көрініп тұрғандай премьер-министр Б. Джонсон депутаттар алдында сөйлеп тұр. Осы елде барлық маңызды шешімдер парламентпен кеңесіп қабылданады.

Президенттік республика деген не?

Президенттік республикаларда президенттің құқықтары кең болады. Президент министрлерді тағайындау, заңдарды қабылдау, сыртқы және ішкі саясатты қадағалау оның құзырында.

Кейде президенттік республикалар тиранияға айналады, себебі президент қолында бар билік шоғырланады да кейбірі ойына келгенің істейді. Президент орнынан кетпей елді қанайды. Президенттік республика ретінде Францияны атауға болады.

Аралас республика деген не?

Аралас республика дегеніміз парламенттік пен президенттіктін белгілері бар республика. Бұнда екеуі де зор маңызға ие. Президент те, парламент те. Екеуі бірдей маңызға ие. Көптеген елдерде аралас республика орнаған.

Жалпы республика адамдардың құқығын қорғауға арналған басқару жүйесі. Барша адамзат монархиялар мен диктатуралардан құтылып демократияға ұмтылуы керек. Әйтпесе халық баялығы ел игілігіне емес? зымияндарға жұмсала қалады. Әрбір ұлт өз мүддесін сақтауы керек. Намысын бермей азаттыққа қол жетуі керек. Зымияндарға жем болмай. Барша халықтарға теңдік, барша елдерге тыныштық керек.

Пән: География