Мұздықтар, Қазақстандағы мұздықтар
Мұздықтар дегеніміз жер бетінде жиналған мұз не қар қабаты. Мысалы Хан-Тәнірі тауының шыңында бұндай мұздық бар:
Биік таулардың шынындарында мұздықтар талай жылдар бойы жиналып, қалын мұз қабатын құрайды. Талай жылдар бойы жауған қар жиналып, қатайып, мұз қабатын құрайды.
Мұздықтар биік таулардың шыңдарында және мәнгі мұздық аймақтарында, жазда да қары мен мұзы ерімейтің Арктика мен Антарктидада жиналады.
Қазақстандағы мұздықтар
Қазақстанда мұздықтар биік тау шыңдарында орналасады, әсіресе оңтүстік өңірлерде мұздықтар көп себебі ең биік таулар оңтүстікте орналасқан. Мысалы Жетісудағы өзендердің барлығы дерлік осындай мұздықтардың еруінен пайда болған суынан бастау алады.
Тянь-Шань тауларының биік шынындарының барлығында дерлік ірі мұздықтар бар. Және Алтай мен Тарбағатай тауларында да бар.
Мұздықтарды карталарда белгілеу
Карталарда мұздықтар ақ түспен бейнеленеді, мысалы мұздықтармен көмкерілген Гренландия аралы:
Биік тау шыңдарындағы мұздықтар да ақ түспен бейнеленеді. Мұздықтар еріп төмен ағады. Бұдан суы мол өзен пайда болады. Тау өзендері осылай пайда болады. Алматы қаласында Кіші Алматы деп аталатын өзен мұздықтардан бастау алады.
Пән: География