Бағдарламалау тілдері дегеніміз не?
Бағдарламалау тілдері дегеніміз не? Бағдарламалау тілдері информатика сабақтарында оқылады. Бұл тілдердің негізгі міндеті компьютерге бағдарлама жасау. Мысалы - сайт жасау, ойын жасау, ұялы телефонға мобилді қосымшаны жасау және тағы басқалары.
Қысқаша айтсақ бағдарламалау тілдерінің көмегімен өзімізге пайдалы дүниелерді жасай аламыз. Компьютер, телефон, калькулятор, теледидар, электронды сағат, электронды таразы, заманауи көліктердің басқару жүйесі, тікұшақтың басқару жүйесі және басқалары.
Төмен деңгейлі бағдарламалау тілдері
Компьютерде арнайы машина тілі бар, бұл тілдің көмегімен компьютерге коммандалар беріледі. Машиналық тіл бұл тым күрделі, машиналық тілде коммандалар 1 мен 0 көмегімен жазылады, сондықтан жұмысты жеңілдету үшін ассемблер деген тілді пайдаланады. Осы ассемблердің көмегімен бағдарламаларды сандармен емес, әріптермен де жаза аламыз.
Одан кейін С тілі бар. Бұл тілдің көмегімен компьютер ұғатын машиналық тілге, кодқа бағдарламаларды жаза аламыз. Осы тілдерді төмен деңгейлі бағдарламалау тілдері деп атайды. Бұл тілдердің көмегімен бағдарламалар машиналық кодқа жақын деңгейде жазылады.
Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері
Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері бұл адамдарға жеңіл болсын деп ықшамдалған тілдер. Компьютерде бағдарламаны жазу үшін арнайы тілдер бар, бұлардың коды тым күрделі болады. Жұмысты жеңілдету үшін арнайы, ықшамдалған тілдер болады, соларды жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдер деп атайды.
Мысалы сайт жасау үшін қолданылатын Php тілі осындайларға жатады. Бұл тілмен сайтты тез әрі жылдам жасай аласыз. Бұдан басқа Ruby мен Python бар.
Әмбебап бағдарламалау тілдері
Әмбебап бағдарламалау тілдері барлық салаларда қолдана алатын тілдер. Мысалы, Php тілі тек сайт жасауда ғана пайдаланса, Python тілі сайт жасаумен қатар өзге де салаларда пайдаланады, мысалы компьютерге арналған бағдарламалар жасауда.
Ең танымал тілдер
Бірнеше танымал тілдерді атап өтейік. Солармен сендер бағдарламалау курстарында таныса аласыз. Немесе интернеттегі оқыту сайттарын пайдаланып өз бетімен меңгере аласыз.
C++ мен C бұл танымал тілдер. Осы тілдердің көмегімен арнайы бағдарламалар жасай аласыз, мысалы компьютерге (Фотошоп) не Линукс деп аталатын операциондық жүйеге.
HTML, CSS JS мен Php тілдері бұл сайт жасау үшін қолданылатын тілдер. Осыларды ең жеңіл тілдердің қатарына жатқыза аламыз. Тырысып оқысаңыз тез меңгере аласыз, бар жоғы бір екі ай ішінде тәп-тәуір сайт жасай аласыз.
MySQL мен MariaDB бұл тілдер мәліметті сақтайтын тілдерге жатады. Осы тілдердің көмегімен көп мәліметті сақтайтын Мәліметтер Базасын құра аламыз. Мәліметтер Базасы бұл виндовстағы Excel кестесі сияқты. Яғни бірнеше жол бар, сонда көп мәлімет сақталады.
Java, Scala мен Kotlin бұл әмбебап тілдер. Бұлар Oracle компаниясы шығарған платформада жұмыс істейді. Пайдалану аясы әрқилы, үлкен күрделі сайттар, Андроидтағы мобильді қосымшалар, компьютерге арнап жазылған қосымшалар.
Swift бұл Apple компаниясының құрылғыларына бағдарламалар жасауға арналған тіл. Бұнымен сайттарды да жасай аласыз.
Go мен Rust ескі Java мен C сияқты тілдерге балама сияқты жасалған тілдер. Бұлардың да қолдану аясы әрқилы.
Бағдарламалау жүйесі
Бағдарламалау тілдерін пайдалану үшін бағдарламалау жүйесі де керек. Бағдарламалау жүйесі бұл тілдің орындалатын ортасы, тілдің орындалуы керек дүниелер. Бұған мысалы компилятор жатады. Компилятордың көмегімен жоғары деңгейдегі тілдер компьютердің тіліне аударылады. Соның арқасында компьютер тапсырмаларды орындайды.
Пән: Бағдарламалау