География деген не? Физикалық және экономикалық география
География деген не? География сөзі көне грек тілінен "жерді сипаттау" деп қазақшаға аударылады. Бұны Эратосфен ғұлама ғылымға 2200 жыл бұрын енгізген. Эратосфен "География" деген кітапты жазған. Бұл кітапта географиялық мәліметтер келтірілген.
География жер бетін зерттейтін ғылым саласы. Қандай мемлекеттер бар? Ең ұзын өзен қандай? Әлемде ең биік тау қайсысы сияқты сұрақтарға жауап береді. География екі ірі бағытқа бөлінеді - физикалық және экономикалық.
Физикалық география
Физикалық география жер бедерін зерттейді. Осы ғылымның негізгі бағыты - тауларды, шөлдерді, өзендерді, көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды зерттеу.
Мысалы Каспий теңізінің географиясы осы теңіздің - пайдалы қазба байлықтарын, суда жүзетін балықтарды, бұл теңіз қандай мемлекеттерге тиесілі сияқты мәселелерді зерттейді.
Экономикалық география
Экономикалық география әлемде бар мемлекеттерді зерттейді. Әрбір мемлекеттің шаруашылығын, халқын, экономикасын зерттейді.
Мектепте экономикалық география физикалық географиядан кейін оқылады.
Пән: География