Субсидия деген не? Субсидия алу жолдары және шарттары
Субсидия деген не? Субсидия дегеніміз халы нашар елді қолдау үшін бюджеттен жасалатын төлем. Мысалы жалғыз басты анаға үй ақысын төлеу субсидия. Ауру адамға дәрі алу да субсидия. Ғылыммен айналасатын адамның ғылыми зерттеулерін қолдау да субсидия.
Жалпы субсидияның мақсаты кедей, мүгедек, халы нашар, жалғыз басты ана, ауру адамдарға көмектесу. Бірақ Қазақстанда бұлай емес.
Қазақстандағы субсидия
Қазақстанда мыңдаған гектар жері, ондаған тракторы, мындаған қара басты малы бар фермерге миллиардтап субсидия береді. Ал жалғыз басты анаға тиын, тамақ алуға әзер ғана жететін жәрдем ақы төлейді.
Немесе триллиондаған тенге қаржысы бар банкке жеңілдетілген несие, қолайлы жағдай жасайды да, бір айлыққа ипотека алып қиналып жатқан адамға қолдау жасамайды. Негізінен бұнысы дұрыс емес. Мемлекет бизнесті емес, халықты қолдау керек.
Бизнес өз ісін өзі дөңгелетіп жатсын. Әйтпесе кешегідей ұлт-азаттық көтеріліс пайда болады. Ел ереуіл мен митингке қайтадан шығады. Елдің намысына тимеу керек. Елді қолдау керек.
Субсидия алу жолдары
Субсидия алу жолдары әрқилы. Субсидия түрлері де әрқилы. Пәтер алу үшін берілетін субсидия. Көлік алу үшін субсидия дегендей бұлардың түрлері көп.
Субсидия алу шарттары
Субсидия алу шарттары әрқилы. Сіз бұны egov-тен біле аласыз. Мысалы 1414 телефонына қоңырау шалып. Олар сізге субсидия алу шарттарын түсіндіріп береді. Қазақстанда негізінен ауыл шаруашылығына субсидия береді.
Мысалы сиыр, ат, ешкі, қой, тауық, қаз, түйені шетелден не Қазақстан ішінен сатып алу дегенге. Немесе егін егуге. Субсидия берілетін бағыттарды egov-тен біле аласыз. Бұлардың тізімі жыл сайын өзгеріп тұрады.
Пән: Экономика