×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Джоуль-Ленц заңы

Создание интернет магазина

Өткізгіш арқылы электр тоғы өткенде жылу бөлінеді. Мысалы электр сымдары арқылы тоқ өткенде сымдар қызады. Ұялы телефондарыңызбен интернетте отырғанда да жылу бөлінеді, телефон қызады, компьютерлеріңіз бен ноутбуктеріңіз де жұмыс істегенде қызады.

Бұл жылу құрылғылардағы электр тоғының өткізгіштер арқылы өтуі себебінен пайда болады.

Өткізгіш арқылы тұрақты тоқ өткенде қанша жылу мөлшері бөлінеді? Бұл сұраққа Джоуль-Ленц заңы жауап береді.

Джоуль-Ленц заңы

Кедергісі R болатың өткізгіш арқылы, тоқ күші i болатың, t уақытта бөлінетін жылу мөлшері Q мына формула арқылы есептелінеді:

Q = i2*R*t

Мысалы, тоқ күші 3 А (Ампер тоқ күшінің бірлігі, А деп қысқаша жазылады), кедергісі 2 Ом (Ом кедергінің өлшем бірлігі, қысқаша Ом деп жазылады) болатын өткізгіштен бір минутта қанша жылу бөлінеді?

Шешілуі

Джоуль-Ленц заңына сәйкес:

Q = i2*R*t,

Q = 32 * 2 * 60 (бір минутта 60 секунд бар) = 9 * 2 * 60 = 1080 Джоуль.

Жауабы: 1080 Джоуль жылу бөлінеді.

Жаттығу

Кедергісі 5 Ом, тоқ күші 2 А болатын өткізгіш бір сағатта қанша жылуды бөледі? Ал үш сағатта?

Пән: Физика