Абайдікі дұрыс па? Бейімбеттікі дұрыс па?
Қазақ әдебиетінде Абай мен Бейімбеттің орны ерекше. Біріншісі ұлы ақын екіншісі одан кем түспейтін ұлы жазушы. Екеуі шамамен бір заманда өмір сүрген. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында, қазақ орысқа қарап қалған заманда.
Бірақ қазаққа келгенде екеуінің көзқарасы өзгеше. Абай қазақты жалқау деп, онбаған деп, тіпті боқтап та кеткен. Ал Бейімбетте қазақ емес бай онбаған екен. Кедей ақысын жеген бай онбаған деп жазған. Осының қайсысы дұрыс?
Абайдың қарасөздері
Абайдың өлендері қазақ поэзиясының биік шыңы. Асан Қайғы, Бұқар Жырау, Махамбет, Мағжан, Мұқағали өлендері сияқты барша қазаққа таныс. Бар қазақ сүйсініп тындайтын, сүйіп шырқайтын өлендер.
"Қара сөздерге" келсек жағдай басқаша. Бұнда біріншіден әдеби денгей өлендерден гөрі біршама төмен. Желсіз түнде жарық-ай сияқты сәнді емес. Екіншіден реніш те, өкініш те бар. Тіпті "қазақты" боқтағаны да бар.
Абайдың пайымдауынша қазақ басына түскен бар жамандық оның мінезінен. Қазақ еріншек, жалқау, тез ашуланатын, мақтаншақ екен. Абайдың пайымдауынша қазақ өзін жақсартса оның өмірі де жақсарады. Бар гәп өзінен деп санаған.
Соңдықтан Кеңес Одағына Абай философиясы пайдалы болды. Кешегі Махамбеттің батырлық өлендерінен гөрі өзін-өзі қазбалауға итермелейтін Абайдың ойлары тиімді болды.
Бейімбеттің ойлары
Бейімбет Абай сияқты бай баласы болмаған. Бала кезінен кедей боп қой баққан. Бір жасқа толмаған Бейімбеттің әкесі қайтыс болады. Көп ұзамай бала алты жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Жетім боп өседі!
Жетім болған сон байлардың малын бағуға мәжбүр болады. Жалшы болғанда талай кедейлердің қиын өмірін көреді. Солармен бірге болып бар ауыртпашылықты басынан өткереді. Байлардың кедей ақысын жегенің көреді. Кедей өмірінің қиыншылығын көреді. Кейін бұны өз шығармаларында суреттеп жазып қалдырады.
Бейімбеттің туындыларын оқысаныз қазақ жалқау, я еріншек дегеннің ізін де көрмейсіз. Керісінше қазақ пысық екен. Бала болса да еңбек етіп жүрген. Мысалы "Түйебай" әнгімесін алайықшы. Ал бар пәле ел ақысын жеген байлардан екен.
Байлар кедей ақысын жеп қана қоймай қылмыстық топ құрып билікті өз қолына алып ұнамағандарын түрмеге қамап отырған екен. Мемлекеттен келген ақшаны жымқырып отырған екен. Мысалы "Азамат Азаматыч" романында сондай бір қылмыстық топ баяндалады.
Пән: Қазақ әдебиеті