×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Реактивті қозғалыс, реактивті қозғалтқыштар

Создание интернет магазина

Қысымы жоғары ауамен толтырылған шардың аузын ашсақ ол (шар) жоғары жылдамдықпен ұшады:

Реактивті қозғалыс

Бұл реактивті қозғалыс болып табылады! Реактивті қозғалыста дене өзінің бір бөлігін қозғалыс бағытына қарсы бағытта лақтырады, жұмсайды. Мысалы кемеде отырған адам допты лақтырса кеме қозғала бастайды:

Реактивті қозғалыс

Доптың қозғалысы кеменің қозғалысына қарсы бағытталады.

Бұның физикалық мағынасын ашайық.

Допты лақтырғанға дейін кеме өз орнында қозғалмай тұрса, допты лақтырғаннан кейін оның жылдамдығы пайда болады. Импульстің сақталу заңынан сәйкес:

pшар + pкеме = 0

pкеме = -pшар

pшар = mшарvшар

pкеме = mкемеvкеме

mкемеvкеме = - mшарvшар

vкеме = - mшарvшар / mкеме

Бұдан көретініміз, шардың салмағы неғұрлым көп әрі жылдамдығы жоғары болса, соғұрлым кеменің жылдамдығының модулі көп болады.

Осы принципке реактивті қозғалтқыштар негізделген. Ракетаның ішінде отын жанады да жоғары жылдамдықпен арнайы тесіктен сыртқа қызған газдар шығады:

Реактивті қозғалтқыш

Бұл қызған газдардың жылдамдығы зор болады, осының арқасында ракетаның көмегімен адамдар тіпті ғарыш кеңістігіне шыға алды.

Пән: Физика